Қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Төтенше жағдайлар министрлігі ЕҚЫҰ Саммиті барысында қауіпсіздік мәселесіне ден қоюды күшейтетін болады. ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздегі азаматтық қорғаныс жүйелерін жетілдіру мәселелеріне арналған Үкімет сағатында баяндама жасаған Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай мәлім етті.

«ЕҚЫҰ Саммиті мен Қысқы Азиада ойындары барысында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты көп шаралар атқарылып жатыр. Біз өрт қауіпсіздігіне қатысты барлық нысандарды, оның ішінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын толық тексеріп шықтық. Сот арқылы бірқатар ұйымдарды өртке қарсы барлық шараларды орындауға мәжбүрледік. Осыған орай қонақүйлер мен ресми шаралар өтетін нысандардағы өрт қауіпсіздігі сақадай сай деп айтуға болады», - деді министр. Оның айтуынша, бүгінгі күні Саммитке қатысты төтенше жағдайлар бағыты бойынша қосымша күштер тартылып, оларды орналастыру орындары анықталған. Ал қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.

«Сонымен бірге, Саммит барысында төтенше жағдайлар желісі бойынша астаналықтарға қандай да бір шектеулер жасалмайды. Дегенмен, біз ғимараттардағы, құрылыстардағы қауіпсіздік мәселесіне ден қоюды күшейтетін боламыз. Мәселен, тыйым салынған орындарда темекі шегілмеуін қатаң бақылаймыз. Яғни азаматтардан орындалуы қарапайым әрі аса қажетті шараларды толық талап ететін боламыз», деді министр.

Тегеранда «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы тұрғысындағы еуропалық саясаты» атты дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды Ирандағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі.

Оған Иран мен Қазақстанның парламент депутаттары, үкіметтік құрылымдардың, алдыңғы қатарлы ирандық ғылыми-зерттеу орталықтардың, дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

Іс-шара Иран мен Қазақстан Достық Қауымдастығы, Иран Ислам Республикасының Стратегиялық зерттеу және жаңа перспективалар институтының, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастықты ұйымдастыру мәдениеті институтының ұйытқы болуымен өтті.

Дөңгелек үстелдің ашылуы кезінде сөз алған Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасы істерінде уақытша сенімді өкіл Мұрат Смайыловтың айтып өткеніндей, ЕҚЫҰ қызметі туралы айтқанда, еуропалық қана емес, еуразиялық қауіпсіздік туралы айтқан нақтырақ болар еді. Бүгінгі таңда азиялық қауіпсіздік өлшемін ескермей, мықты еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес. Осы ретте ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кезінде Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы қарым-қатынастың жаңа сатысын бастау үшін және өзара сенімді нығайтуы үшін жан-жақты талпыныс жасады.

Өз кезегінде Иран мен Қазақстан Достық қауымдастығының президенті Миркасым Момени Қазақстан Еуропа, Азия және Солтүстік Азияның саяси кеңістіктері мен ауқымды географиясын қамтитын әлемдік аса беделді халықаралық ұйымға төрағалық етіп отырған алғашқы мұсылман мемлекеті болып табылатындығына тоқталды.

Қазақстан делегациясының жетекшісі Камал Бұрханов пен Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа да өкілдері дінаралық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі туралы баяндады.

 

Интернет бойынша әзірлеген – Асыл ӘБІШЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30