БЕДЕЛДІ ҰЙЫМНЫҢ БОЛМЫСЫ

Жалпы мәліметтер

ЕҚЫҰқұрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған.

Ұйым қару-жараққа бақылау жасауды, алдын алу дипломатиясын, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам құқықтарын, сайлауға бақылауды, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғандағы мәселелердің кең ауқымымен айналысады.

ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санайды және үш өлшемде -әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерде әрекет етеді.

 

Қысқаша тарихы

1970 жылдардың басында Шығыс пен Батыс арасындағы үнқатысуды жолға қою үшін көпжақты форум - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫК) шақырылған болатын. 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісі ЕҚЫК-ға қатысушы мемлекеттердің өз азаматтарына қатысты, сондай-ақ өз араларындағы қатынастардың негізгі қағидаттарын бекітті.

1990 жылға дейін ЕҚЫК нормалар мен міндеттемелер тұжырымдалатын кездесулер мен конференциялар түрінде жұмыс істеді, мерзім-мерзім олардың орындалуы туралы ақпарат тыңдалып отырды.

Форум қызметіндегі бетбұрыс жасалған сәт 1990 жылғы жоғары деңгейде өткен Париж кездесуі болды. Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясында Еуропадағы тарихи өзгерістер үдерісін басқаруға үлес қосу және «қырғиқабақ соғыс» біткен соң туындаған жаңа сын-талаптарға жауап беру міндеті қойылды. Осы міндеттерді шешу үшін бірнеше мекемелер мен институттар құрылды, кездесулерді тұрақты негізде өткізу жолға қойылып, Кеңестің жұмысына жүйелі сипат берілді.

1990 жылғы қарашада ЕҚЫК үдерісі шеңберіндегі келіссөздерде қарулануға бақылау саласындағы маңызды келісімЕуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт (ЕӘҚКШ) әзірленді.

1994 жылғы жоғары деңгейдегі Будапешт кездесуінде ЕҚЫК-ні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Бұл Ұйым жұмысына жаңа саяси серпін берді және бір мезгілде оның институционалдық даму жолының көрінісіне айналды.

1996 жылғы жоғары деңгейдегі Лиссабондағы кездесуінде «XXI ғасырдың Еуропасы үшін жалпы және бәрін қамтитын қауіпсіздік үлгілері» туралы декларация қабылданды, «Қару-жараққа бақылаудың негіздері» және «Қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның күн тәртібін дамыту» бекітілді. Дәл сол кезде ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік пен тұрақтылықты барлық өлшемдерде нығайту ісіндегі шешуші рөлі туралы тезис одан әрі дамытыла бастады. Бұл кездесудің қорытындысы 1999 жылы Стамбұлда Ұйымның жедел мүмкіндіктерін жетілдіруді көздейтін Еуропалық қауіпсіздік хартиясын қабылдауға себепші болды. Осы кезде ЕҚЫҰ-ға қатысушы 30 мемлекет Стамбұл декларациясын қабылдады және Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы бейімделген шартқа қол қойды.

 

Астанадағы ЕҚЫҰ-ның орталығы

 

2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасы ресми түрде ЕҚЫҰ төрағалары Үштігінің құрамына кірді. ЕҚЫҰ-ның Рәсімдер ережелеріне сәйкес Үштікті Ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды. Биылғы жылы Үштікке Грекия, Финляндия және Қазақстан қатысады.

Үштік іс-қимылдар мен ортамерзімдік жоспарлауды үйлестірудің маңызды құралы болып табылады. Ол Ұйым қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ететін және Қазіргі төрағаға кеңес беретін орган болып табылады.

Мұнымен қатар, Қазақстан Ұйымға қатысушы 56 елден басқа құрамына Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунис кіретін ЕҚЫҰ-ның Жерортатеңіздік әріптес елдермен ынтымақтастық жөніндегі байланыстары тобына төрағалық етуге кірісті.

Жерортатеңіздік әріптестермен өзара іс-қимыл ЕҚЫҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және де өз арасындағы тиімді мүдделер салаларын, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қауіп-қатерлерге қарсы тұру әрекеттерін одан әрі үйлестіру мақсатындағы мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30