“Саммит ТВ”» өз жұмысын бастады

Астанада өтетін Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті қарсаңында «Саммит ТВ» телеарнасы жұмыс істейтін болды.

Бұл күндері әлем назары Қазақстанға ауып отырғандықтан, елімізде болып жатқан жаңалықтар ретін дүйім халық осы арнадан біле алады. «Саммит ТВ» «Хабар» агенттігінің спутниктік жүйеде ақпарат тарататын «Каспионет» арнасы арқылы көрсетіледі.

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Саммитіне келген қонақтар, олардың ой-пікірлері, қабылданған шешімдер жайлы толық ақпаратты осы телеарна, 24 сағат бойы ағылшын тілінде таратып отыратын болды. Дайджест ретінде жүретін 10 минуттық жаңалықтар сағат сайын жаңаланып отырса, күн сайын кешкі сағат онда эфирге арнайы жаңалықтар бюллетені шығады. Оны Джонатан Ньюэлл жүргізеді.

Жаңалықтардан бөлек, арнада сол күннің айтулы сұхбаттары да беріліп, құлақ құрышын қандырар қазақ классикасы мен эстрадалық әндер қойылады. «Саммит ТВ» телеарнасының безендірілуі де жоғарғы деңгейде. 25 қарашадан 3 желтоқсанға дейін жұмыс істейтін, бүкіл оқиға мен жаңалықты жедел жеткізіп отыратын «Саммит ТВ» еліміздің имиджін қалыптастыруды мақсат етеді.

 

Әзірлеген – Асыл ӘБІШЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 28
29 30