ЕҚЫҰ САММИТІ – БОЛАШАҚТЫҢ ИНВЕСТИЦИЯСЫ

Бүгінде әлем бойынша ел имиджі немесе заманауи тілмен айтқанда брендинк ұғымы кең таралып келеді. Мысалы, Швейцария, Ватикан, АҚШ сынды мемлекеттердің өзіндік ерекшелігі, белгілі бір бет-бейнесі қалыптасқан. Қазіргі кезде, бақытымызға орай, Қазақстанның да шартарапқа танымал өз имиджі бар.

Ал тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекетіміз батыс елдері үшін көптің бірі ретінде ғана бағаланатын. Барлығы Қазақстанды тұрақсыздық, артта қалушылық ұғымдарымен байланыстыратын. Дамыған мемлекеттердің қасында біз әлемдік саясаттың көлеңкесінде қалған ел едік.

Мұндай аса жағымсыз түсініктен арылу үшін, егемендігімізге қол жеткізген күннен бастап, әлемдік қауымдастық алдында ел имиджін нығайту бағытында тұрақты, әрі нәтижелі жұмыс жүргізіліп келеді. Соның арқасында Қазақстан, оның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев, жас елордамыз Астана, еліміздегі түрлі маңызды реформалар туралы мақалаларды «Financial Times», «Times», «Forbes» сынды басқа да көптеген белгілі, беделді әлемдің ақпарат құралдарының беттерінен көруге болады.

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы және аталмыш ұйым Саммиті шетелдіктердің алдында біздің еліміздің оң имиджін толыққанды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан қазіргіден де танымал бола түседі. Бұл өз кезегінде мемлекеттің қорын, күш-жігерін үнемдеуге көмектеседі. Яғни, қазақстандық экономикаға деген инвестициялық белсенділік еселеп арта түспек.

Демек, Қазақстанның беделді ұйымға төрағалығы және ЕҚЫҰ Саммитібұл болашаққа бағытталған инвестициялар. Тек экономикалық емес, мемлекет, халық қауіпсіздігі тұрғысынан алғандағы инвестициялар.

Сондай-ақ, аталмыш айтулы оқиғалар біздің стратегиялық бағытымызды жүзеге асыруда ұлт бірлігін, әрбір қазақстандық азаматтың жүрегіндегі ұлтжандылық сезімін одан әрі нығайта түсудің мүмкіндігі деп ойлаймын.

Серік ІЛИЯСОВ,

саяси ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің әлеуметтану және саясаттану кафедрасының доценті.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29