Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина Ақсу қаласында жұмыс сапарымен болып қайтты. Депутат қаладағы бірқатар әлеуметтік-өндірістік орындарды аралады. Әлеуметтік дүкенде, «Ауыл» базарында болды. Сапар соңында бір топ ардагерлермен кездесті. Сондай ақ, ол Мәжіліс депутаттарының жалпы атқарып жатқан қызметіне тоқталды. Депутат қалалық емхананың бас дәрігері Қайырлы Кабуловқа, кітапхана директоры Роза Зингерге, «ДАНиЕР» зауытының директоры Нұрлан Нұрмағамбетовке, әлеуметтік дүкеннің иесі Күнсұлу Қасымоваға, ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұқан Арыновқа өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарағаны үшін Алғыс хаттарын табыстады.
Сәбира САҒЫНАЙ.

