Аудан орталығында облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Діни саладағы үдерістерді реттеу» тақырыбында семинар кеңес өтті. Оған облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Д.Зәкәриянов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Қ.Тәліпов, ауыл әкімдері, мектеп мұғалімдері қатысты. Басқосуда еліміздегі діни саясат пен мемлекет аумағындағы түрлі ағымдағы бірлестіктер жайында әңгіме болды. Олардың арасындағы келісім мен бейбітшілікті сақтау, азаматтардың дін бостандығына кепілдік беру мәселелері әрбір мемлекеттік органның қадағалануында болуы керек. Жастарды ел ұйытқысына кері әсер ететін жат ағымдарға жуытпау бірінші кезекте аға буынның міндеті болып табылады. Экстремистік, терроршыл ұйымдардың ел ішінде үгіт жүргізуінің алдын алу тәрізді іс-шаралар үнемі ұйымдастырылып отырылуы тиіс. Кеңесте осымен бірге еліміздің әлемдегі ең көп конфессиялы болып танылуымен қатар діндер арасындағы келісімнің жоғары дәрежеде сақталып отырғаны айтылды.
Мұрат АЯҒАНОВ
Баянауыл ауданы.

