2010 жылдың 8-9 қазанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының және Павлодар облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қанатты Әйел – 3» республикалық жәрмеңкесі өткізіледі.
Жәрмеңкенің мақсаты: әйелдер әзірлеген және дайындаған жаңа идеялармен, тауарлармен таныстыру, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың өкілдерін гендерлік теңдіктің қазақстандық моделінің дамуы, Қазақстан Республикасында гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған Стратегиясының іске асырылу барысы туралы ақпараттандыру.
Жәрмеңкеге Ұлттық комиссияның мүшелері, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары, дипломатиялық корпустың, беделді халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ республикалық саяси партиялардың лидерлері қатысады.
Қазақстанның жер-жерлерінен 180 әйел қатысуға ниет білдірді.
Іс-шаралар шеңберінде “Әйел және саясат”, “Әйелдер бизнесте”, “Неке және отбасы”, “Отбасы және денсаулық” номинациялары бойынша семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары өткізіледі. Қазақстандағы әйелдер лидерлігі мектебінің практикалық құралдарынан және нәтижелерінен үлгілер көрсетіледі.
Дипломатиялық корпус, беделді халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен гендерлік теңдік мәселелері, оны іске асырудың басымдықтары мен тетіктері сөз етілетін “дөңгелек үстел” өткізіледі.
Осы уақытта әйелдер дайындаған тауарлардың көрмесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге меншік нысанына және қызметінің көлеміне тәуелсіз республиканың барлық аймақтарынан әйелдер басқаратын ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ идеясы бар немесе өз тауарларымен таныстыруға және сатуға ниет білдірген кез келген әйел қатыса алады.
Әйелдер әзірлеген және дайындаған
идеялар мен тауарларды сатудың
“Қанатты әйел - 3” республикалық
жәрмеңкесін ұйымдастыру комитеті.
32-04-14 (облыс әкімі жанындағы әйелдер
істері және отбасылық-демографиялық саясат
жөніндегі комиссиясының хатшысы)
32-20-79, 32-96-89 (облыс ішкі саясат басқармасы)

