ЖАҢА ӘКІМГЕ ЖҮКТЕЛЕТІН МІНДЕТ КӨП

Кеше облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Екібастұз қаласына жаңа басшы тағайындады. Екібастұз қалалық мәслихатының кезекті сессиясында жергілікті депутаттар жаңа әкім Александр Федорович Вербняктың кандидатурасын бірауыздан құптады. Қала активімен өткен кездесуде облыс әкімі шаһар басшысына жүктелер міндеттің ауқымды екендігін айтты.

Өткен жылдың күзінде Елбасы біздің облысқа арнайы сапармен келгенде, Екібастұзда болып, қалада жасалып жатқан істерге оң бағасын берген. Осы жағынан алғанда көмірлі шаһарға үш жылдай басшылық жасаған Нұрлан Нәбиев сенім үдесінен шығып, өз қызметін адал орындап келді, мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелі жүзеге асуына зор еңбек сіңірді, деп атап өтті аймақ басшысы. Әсіресе, өңірдегі «Жол картасының» жемісі Екібастұзда айқын аңғарылды.

Бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Александр Вербняктың осы қаланың әкіміне ұсынылуы тегіннен-тегін емес. Екібастұз еліміздің отын-энергетикалық кешені ғана емес, 2010-2014 жылдарды қамтитын елімізді үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында қалада 10 серпінді жоба жүзеге асады. Оның төртеуі үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында өміршең етіліп те үлгерген. Мемлекетіміз үшін ең маңызды да ауқымды жобалардың бірі – ГРЭС-2 станциясындағы үшінші энергоблок құрылысын салу мәселесі қазір аздап кешеуілдеп жатқан жайы бар. Облыс әкімі жаңа басшысының араласуымен бұл істің алдағы уақытта тез арада шешімін табатынына сенімін білдірді. Бұдан басқа өлкеде ГРЭС-1 станциясының барлық энергоблоктарын қалпына келтіру, «Бозшакөл» кен-байыту комбинатының құрылысын жүргізу, «Таман» ЖШС негізінде құрылған жүк вагондарын шығаратын өндірістің ауқымын кеңейту міндеттері тұр. Осы жобалар толықтай жүзеге аса бастағанда Екібастұз өңірінде жаңадан бірнеше мың жұмыс орындары ашылады, деді Б.Сағынтаев.

Өңір басшысы жуық арада көмірлі қалада еліміздің интернет-дата орталығы құрылатынын жеткізді. Ол біздің облыстың ақпараттық технология саласындағы даму көшіне жаңа мүмкіндіктер алып келетіні даусыз.

Облыс әкімі А.Вербняктың алдына бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, жұмыссыздар қатарын азайту, жергілікті кәсіпорындардағы еңбек ресурстарын әлеуметтік қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді одан әрі жалғастырып, нарықтағы бағаны реттеуді тапсырды. «Екібастұз қаласы үшін биылғы жыл табысты болды. Республика бойынша облыстық маңызы бар 23 қаланың арасында 9-шы орыннан көрінді. Ағымдағы жылды өмірдің қай саласында болмасын жоғары көрсеткіштермен қорытындылау керек, оған сіздің күш-жігеріңіз жететініне сенімдімін», деді аймақ басшысы.

А.Вербняк аймақ басшысы жүктеген міндеттерді абыроймен атқарып шығуға тырысатынын айтты. Жиында хабар етілгендей орнынан босаған бұрынғы қала әкімі Н.Нәбиев облыс ішінде басқадай бір лауазымдық қызметке ауысады.

 

Мұрат АЯҒАНОВ,

Екібастұз қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30