БАР МЕЙІРІМ – БАЛАЛАРҒА!

Балаларға мейірімді қалалардың І Саммитіне қатысқан мәртебелі меймандар Ақсу қаласында болып қайтты

 

Павлодар қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған балаларға мейірімді қалалардың І Саммиті аймағымыздың өзге де қалалары мен аудандарында жалғасын тапты. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған мәртебелі меймандардың бір тобы Ақсу қаласында болып қайтты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің адамды рухани адамгершілік дамыту басқармасының бастығы Гүлнаш Қошқарова мен Павлодар облыстық Балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Гүлбарам Науразбаева бастаған ынталы топ халықаралық «Балаға мейірімді қала» жобасына айрықша үн қосқан Ақсу қаласының көрікті жерлері мен әлеуметтік нысандарын аралады.

 

Топ мүшелері Ақсу қаласының басшысы Оразкелді Қайыргелдиновпен жүздесті. Естеріңізге сала кетейік, Ақсу қаласы Ертістің Павлодар өңірінен алғашқы болып «Балаға мейірімді қала» жобасына қатысқан болатын. Алқалы жиын барысында қала әкімі балалардың өсіп жетілуіне, олардың құқығын қорғауға, денсаулықтарын үнемі қадағалауға аса мән беретін орталықтардың жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар «Ақсубалаға мейірімді қала» жобасының шеңберінде ұйымдастырылған іс-шараларды тілге тиек етті. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Мемлекет ана мен отбасы мәртебесін қорғауды нығайтуға тиіс. Орнықты отбасы - ұлт болудың кепілі» деген болатын. Міне осы бағытта Ақсу қаласында балалардың білім алуына, спортпен шұғылдануына, ауруханаларда тегін қаралуына көп мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалған. Әсіресе, жас жеткіншектердің әр күні мәнді де сәнді өтуі үшін қаладағы өндіріс орындарының жасап жатқан жұмыстары көңілге қонымды. Бұл ретте Ақсу ферроқорытпа зауытының және Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының атқарған ауқымды істерімен мақтана аламыз»,- деді өз сөзінде Оразкелді Қайыргелдинов. Кездесу соңында қала басшысы барша ақсулықтарды «Балаға мейірімді қала» жобасына белсене атсалысуға шақырды.

- Ақсу қаласы «Балаға мейірімді қала» жобасына алғашқылардың бірі болып қосылды. Содан бері қалада көптеген игі істердің куәсі болдық. Әлі де көптеген жағымды жаңалықтармен жас бүлдіршіндерімізді қуантатынымызға кәміл сенемін»,- деді өз сөзінде Павлодар облыстық Балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Гүлбарам Науразбаева. Сондай-ақ, ол Балаға мейірімді қалалардың І Саммитіне ерекше атсалысқан Ақсу қаласының тұрғындарына ризашылығын жеткізді.

Мәртебелі меймандар одан кейін Ақсу қалалық балалар емханасының тыныс-тіршілігімен танысты. Меймандар емхананың балалар мен аналарға арналған «Салауатты бала», «Жүкті әйелдер мектебі», «Салауатты өмір салты» секілді бөлмелерін аралап, емхананың зертханалық орталығында болды. Келесі кезекте ынталы топ биыл ғана пайдалануға берілген №2 жалпы орта білім беру мектебінде болды. Мектеп директоры Мария Қасенова білім ошағының көрікті жерлерімен таныстырды. Әсіресе, қонақтарды мектеп жанынан ашылған балаларға арналған шағын орталықтар қызықтырды.

Республиканың әр аумағынан жиналған қонақтарды әсіресе Ақсу ферроқорытпа зауытының пионер лагері қызықтырды. Себебі мұнда балалардың демалыстарын көңілді өткізуіне көп жағдай жасалған. Жыл сайын төрт ауысымда балаларды қабылдайтын лагерьде бүлдіршіндер 15 күн бойы еркін демалады. Биылғы жылы пионер лагері 800-ден аса баланы қабылдады. Мұнда көбінесе Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс істейтін қызметкерлердің балалары демалады. Лагерьдің тыныс-тіршілігімен жете танысқан Қарағанды қаласы білім бөлімінің меңгерушісі Рахат Қазтаев «Мұндай орталықта демалатын балалардың болашағы жарқын боларына сенемін. Жалпы Павлодар облысы бала тәрбиесіне аса мән беретіндігі байқалады. «Балаға мейірімді қала» жобасының шеңберінде атқарылған игі істердің куәсі болдық. Өзге аймақтар Павлодар өңіріне қарап бой түзесе барлық бүлдіршіндер бақытты болар еді» деді өз сөзінде.

Ынталы топ сонымен қатар Ақсу қалалық қазақ гимназиясында болды. Меймандар мұнда жас спортшылармен танысып, ұлттық биіміз «Қара жорғамен» айналысатын бүлдіршіндердің өнеріне куә болып, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. «Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймақтарында ұлттық биіміз «Қара жорға» насихатталып жатыр. Міне, бүгін Ақсу қаласындағы қазақ гимназиясында ұлттық бимен айналысатын жас өнерпаздардың талантына тәнті болдық. Ұлттығымызды көтеретін жас бүлдіршіндер барда қазақ халқы мәңгі жасай береді» деді Алматы қаласы Балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Сұлушаш Қуатжанова. Бүлдіршіндердің өнеріне жоғары баға берген С. Қуатжанова жас жеткіншектердің ұлттық тәрибемен сусындап, ержетуі егеменді еліміздің жарқын болашағының мызғымас қамалға айналатынын алға тартты.

Меймандардың келесі табан тіреген жері - Еуроазиаттық энергетикалық корпаорациясы. Бүлдіршіндерге көп көмек жасайтын өнеркәсіп орнына қонақтардың бас сұқпай кетуі мүмкін емес еді. Жүректері мейірім мен қамқорлыққа толы корпорация басшыларымен кездескен қонақтар А.Рустамбаев басқарып отырған ұжымның жұмысына табыс пен береке тіледі.

Бір күн бойы Ақсу қаласының әлеуметтік нысандарын аралаған мәртебелі меймандар қала келбеті мен тұрмысына оң баға берді. Құрметті қонақтар шағын болса да көптеген игі істерді тыңдырған Ақсу қаласының үлгі алар тұстары көп екендігін жасырмады.

Фархат ӘМІРЕНОВ,

Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30