«АЛТЫН» КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ!

 

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Жастар кадрлық резерві» атты байқау өтті. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама болашақта ел басқаратын жастарды тәрбиелеу мен іздеуді мақсат еткен.

«Жастар кадрлық резерві» байқауының кезекті кезеңіне Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының инженер-экономисі Қуаныш Құсайынов қатысты.

Үстіміздегі жылдың қазан айында «Жастар кадрлық резервіне» қатысқан жас мамандар Ақмола облысының Щучинск қаласында өтетін бірінші кезеңге шақырылды. Қазақстанның алты қаласында ұйымдастырылып үлгерген республикалық байқаудың екінші және үшінші туры Көкшетауда өтті. Бұл шараға республика аумағындағы кадрлық резервтің 21 өкілі қатысты. Олардың ішіндегі бесеуі - павлодарлық жастар.

Қазақстанның кадрлық резервтерінің басын қосқан семинар қатысушылары бірінші күні Ақмола облысының халық қалаулыларымен кездесті. Олардың қатарында «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалының төрағасы Г.Шойкин, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарманың бастығы Т.Жұмағұлов болды. Жиналысқа қатысқандар мемлекеттік саясаттың рөлі, инновациялық-индустриялық даму мен оны дамыту жолдары туралы ойларын ортаға салып, еліміздің өзекті мәселелерін тілге тиек етті. Іс-шара «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен және «Болашақ» қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылды. Байқаудың екінші кезеңі «Болашақ - жастар үшін» семинары түрінде өтті. Семинар барысында қатысушылар шешендік өнерді жетілдіруге бағытталған тренинг сабақтарына қатысты. «Жастар кадрлық резерві» байқауының үшінші кезеңінде сайыскерлердің кәсіби деңгейі өздері жасаған жобалары мен тестілеуі нәтижесінде анықталды.

- Республикалық комиссия өткізген шараның мақсаты байқауға қатысушылардың кәсіби және психологиялық бейнесін анықтау болып табылды. Олардың арасынан суырылып шыққан 69 жас маман республикалық кадрлық резерв құрамына кіретін болады. Резерв құрамына енген жастар арасында болашақта мемлекеттік қызмет басшылары болуы да мүмкін, - дейді Қуаныш Құсайынов.

Қуаныш Құсайынов жобаның желтоқсан айында өтетін ақтық сынына қатысады. Бұл бағдарлама «Жас Отан» жастар қанатының І съезінде Мемлекет басшысының «Қоғамдық қызмет саласы мен бизнес және мемлекеттік басқару жүйесі үшін басқарушыларды қалыптастыруды жүзеге асыру» тапсырмасын тиімді түрде іске асыруға септігін тигізеді.

 

М.КНЯЗЕВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31