ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ СӨЗ БОЛДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымованың төрағалық етуімен әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Оған қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалар басшылары қатысты.

 

Жиында Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалалары мен Баянауыл ауданы бойынша отбасы құндылықтарын үгіттеу мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар, сондай-ақ, бірқатар басқармалардың осы бағытта тындырған жұмыстары сөз болды.

Отырыста баяндама жасаған Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Ержан Рақымжанов әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның жетекшілік етуімен шаһарда гендерлік саясаттың ойдағыдай жүзеге асып жатқанын жеткізді. Мәселен, Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік қызметте істейтін қызметкерлердің 63 пайызын әйелдер құрайды. Ал білім беру мекемелерінде - 84,4 пайыз, бизнес саласында - 40 пайыз әйелдер қызмет етеді. Сонымен қатар қалада үстіміздегі жылдың бастапқы тоғыз айында 426 неке тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы БҰҰ-ның Конвенциясын қала және ауыл тұрғындарына түсіндіру мақсатында 26 ақпараттық үгіт-насихат тобы жұмыс жасауда.

Баянауыл ауданында да гендерлік тепе-теңдік сақталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына нәзік жандылар мол үлес қосуда. Әйел қауымына қатысты тұрмыстық зорлықтың алдын алу үшін аудандық ішкі істер бөлімінде арнаулы сенім телефоны жұмыс істейді. Павлодар қаласындағы әйелдердің саяси мәртебесін көтеру үшін көп жұмыстар қолға алынуда. Нәтижесінде, білім беру жүйесінде - 87,9 пайыз, денсаулық сақтау саласында 82,5 пайыз, мәдениет саласында 73,8 пайыз әйелдер қызмет етеді. Алайда, жергілікті өкілетті органдардағы әйелдер саны аз. Айталық, қалалық мәслихаттың 25 депутатының екеуі ғана әйел. Дегенмен де, павлодарлық әйелдер үкіметтік емес ұйымдарда, бизнес құрылымдарында өздерін көрсетіп жүр. Сондай-ақ ауылдағы қыз-келіншектердің қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында қалаға қарасты Павлодар, Кенжекөл ауылдарында әйелдер кеңесі құрылған. Ол өмірдің қиын жағдайына тап болғандарға қол ұшын беріп, жұмысқа орналасуына, құжаттарын ресімдеуге, басқа да мәселелеріне қолдау көрсетеді. Осы бағытта кеншілер шаһарында да игі шаралар жүзеге асуда. Бұл жөнінде баяндаған Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғабидулла Оспанқұлов мемлекеттік мекемелерде, әлеуметтік салада қызмет етіп жатқан әйелдер саны басым екенін айтып, қалада гендерлік саясат бойынша ауқымды шаралар үздіксіз ұйымдастырылып тұратынын мәлімдеді.

Алқалы жиында Павлодар қаласындағы тұрақты баспанасы жоқ балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу орталығының жұмысы қаралды. Құрылғанына 7 жыл болған орталық бүгінгі күнге дейін 50 мыңға жуық әйелге әлеуметтік, психологиялық тұрғыда көмек көрсеткен екен.

Отырыста тұрғындар денсаулығын жақсарту, гендерлік аспектілерді ескере отырып кәсіпкерлік саласына әйелдерді тарту, ауылдық жерлердегі әйелдерді еңбекпен қамту мәселелері жан-жақты талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова күн тақырыбындағы талқыланған мәселеге байланысты жұмысты бұдан да ширату керектігін тапсырды.

 

Нұржайна ШОДЫР.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31