ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді ұлы мерекемізТәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

1991 жылдың 16 желтоқсанында бүкіл әлем жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының құрылғанынан хабардар болды. Бұл күн біздің жас мемлекетіміздің осы заманғы тарихына мәңгілік Алтын әріптермен жазылып қалды, ұлттық өркендеуге, рухани бостандыққа және экономикалық өсуге ұмтылған халқымыздың ғасырлық талпыныстарын заң негізінде бекітіп берді.

Ең бастысы, осы жылдар ішінде біз саяси тұрақтылыққа, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, ертеңгі күнге деген сенімділікке қол жеткіздік.

Бүгінде өзінің айқын даму стратегиясы мен нақты өсу мүмкіндіктері белгіленген біздің елімізді әлем қауымдастығы таныды деп нық сеніммен айта аламыз.

2010 жылы ең беделді халықаралық ұйым – Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалыққа таңдалғанымыз еліміздің қазіргі заманғы тарихындағы ең маңызды оқиға болып табылды. Мұндай жауапты миссияның Қазақстанға тапсырылуының астарында әлемнің көшбасшы елдерінің біздің жас республикамызға көрсеткен сенімі жатыр. Біз - посткеңестік елдер арасында осындай ерекше жоғары мәртебеге ие болған алғашқы мемлекетпіз.

ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміздің шыңы Астана төрінде өткен Саммит болды. Оның өткізілуі - халықаралық ұйым үшін ғана емес, тұтас әлемдік қауымдастыққа әсер еткен ерекше оқиға.

Астана Саммитінің айтулы салтанаты – әлемнің Қазақстан беделін және Ұлт Көшбасшысы, ел Президенті Нұлсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еуразиялық құрлықта бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған өнегелі бастамаларын мойындауы.

Келесі жыл - мерейтой жылы. Халқымыз қадір тұтатын Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл толады. Сондықтан біз мерекелік шараларды дайындап-өткізуге ғана елеулі үлес қосып қоймай, өзіміздің нақты жетістіктеріміз арқылы да осы маңызды мерейтойды лайықты қарсы алуға ұмтылуымыз керек.

Құрметті павлодарлықтар! Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт, береке, бейбітшілік пен мейірім тілеймінІ

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы көркейіп, іргесі нығая түссін!

Бақытжан САҒЫНТАЕВ,

Павлодар облысының әкімі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31