ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Уақыт тезімен тағы бір жылды артқа тастадық. Әдеттегідей, ағымдағы жыл біз үшін несімен есте қалды және қандай жетістіктерге жеттік деп дәстүрлі түрде қорытынды жасаймыз.

Өтіп бара жатқан 2010 жыл еліміз үшін тарихи маңызы зор кезең болды.

Биылғы жылы біз жаңа өндірістік, ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандарды, жаңа жұмыс орындарын аштық, бітік шыққан егінді жинап, қалалар мен ауылдарда көріктендіру жұмыстарын жалғастырдық, жолдар мен коммуналдық шаруашылықтағы нысандарға жөндеу жүргіздік, шағын және орта бизнестің дамуына белсенді түрде қолдау көрсеттік.

Сондай-ақ, 2010 жыл Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығы, ел Конституциясының 15 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығы сынды еліміз үшін маңызы зор мерекелермен толықты.

Ал ең бастысы, ағымдағы жыл Қазақстанның белді де, беделді халықаралық бірегей ұйым - ЕҚЫҰ-ге төрағалық етуі ел тарихында алтын әріптермен жазылары сөзсіз. Дүниені дүбірлеткен Астана Саммиті - Қазақстанның әлем қауымдастығы алдындағы абыройын асырып, мәртебесі биік, тұғыры берік ел екендігін дәлелдеп берді.

Бұл игіліктердің барлығы да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың асқан даналығы мен сындарлы саясатының арқасында жүзеге асырылып отыр.

2010 жылы республикамызда үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қарқын алды. Оны жүзеге асыруда аймағымызда бес жыл ішінде жалпы құны 769 млрд. теңгеге 55 жобаны іске қосу жоспарланды. Биылғы жылдың өзінде ғана 30 жаңа өндіріс іске қосылды. Осындай жедел әрі дер кезінде қолға алынған жұмыстар арқылы біз отандық экономикамыздың нығаюына қомақты үлес қостық. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде индустриалды-инновациялық даму рейтингі бойынша еліміздің барлық аймақтары арасында 1-орынды иеленуімізосының айғағы.

Өңіріміздің өрелі жетістіктері - ең алдымен, Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіз, құрметті павлодарлықтар. Мен баршаларыңызға облыс алдындағы адал да ерен еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Біздің алдымызда әлі де атқарылатын көптеген игі істер тұр. Бірақ облысымыздың әрбір тұрғынының әл-ауқатын арттырубіздің жұмысымыздың басты басымдығы болып қала береді.

Біз Сіздермен ел тарихындағы мәні зор оқиға қарсаңында тұрмыз. 2011 жылы мемлекетіміз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын қарсы алады. Қысқа мерзім ішінде біз тек экономикалық күшті, саяси тұрақты мемлекет құрып қана қойған жоқпыз, сонымен қатар әлемнің озық елдері қатарынан ойып тұрып орын алдық. Біз осындай жоғары жетістіктерімізді мақтан тұтамыз.

Құрметті жерлестер! Жаңа жыл - әрбір жан асыға күтетін, отбасымен қауышып, алдағы жылды бірге қарсы алатын мереке. Келер жылға әрқайсымыз жаңа үміт артамыз. Сол үміттеріңіз ақталып, отбасыларыңыз құт-берекеге, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын. Туған-туыстарыңыздың дені сау болып, бала-шағаларыңыз Сіздерге тек қана қуаныш сыйласын.

Сіздерді шын жүректен Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отыра, зор денсаулық, баянды бақыт және толайым табыстар тілеймін.

2011 жыл баршамыз үшін сәтті жыл болып, игі істеріміз еліміздің өркендеуі мен гүлденуіне арналсын.

Жаңа жыл құтты болсын!

Павлодар облысының әкімі

Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31