Жастар Елбасымен бірге!

 

 

Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзартуды ұсынған бастамашыл топты Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының жастары қолдайтындарын білдірді. «Достық» үйінде «Патриот» пікірталас клубының мұрындық болуымен жастардың басқосуы өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының этно-бірлестіктері жанындағы жастар ұйымдарының белсенділері қатысқан жиын «Еліміздің болашағы мен бүгіні» тақырыбы төңірегінде өрбіді. Өзге ұлт өкілдерінен құралған бірлестіктердің ұл-қыздары Шығыс Қазақстан облысы орталығында жарияланған бүкілхалықтық референдумды өткізу туралы ұсынысты бірауыздан қолдайтындарын жеткізді. Шара соңында 200-ге жуық жас үндеуге қол қойып, Ұлт көшбасшысы, Нұрсұлтан Әбішұлының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзартуға тілектестік білдірді.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында Н.Назарбаевтың президенттік өкілеттігін он жылға ұзарту туралы республикалық референдумды өткізуді қолдау мақсатында ауқымды акция ұйымдастырылды. Оған ПМПИ-дің ректоры т.ғ.д, профессор Жанмырза Нұрмағамбетов жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты. Сонымен қатар, шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалы жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрайымы Наталья Нефедова шақырылды.

ПМПИ ұжымы мен студенттері еліміз, халқымыз үшін маңызы зор осы игі бастаманы толықтай қолдайды. Менің ойымша, қазіргі кезде елімізді басқаруға лайықты бірегей тұлға ол – Н.Назарбаев. Мемлекетіміз тәуелсіздігін алған уақыттан бері ел басқару тізгінін ұстаған Басшымыз өзін Қазақстанның сенімді болашағының жасампазы, мемлекетіміздің тұрақты, ілгері дамуының және бейбітшілік пен келісімнің кепілі ретінде көрсетті. Сондықтан еліміз қол жеткізген жетістіктері мен жүзеге асқан бастамалары оның есімімен тікелей байланысты, - деді ПМПИ-дің ректоры Жанмырза Нұрмағанбетов.

Акция барысында 500 адам өз еріктерімен үндеуге қосылуға қол қойып, референдумның болуын қолдайтындар қатарын толықтыра түсті.

 

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31