Кеше ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда талқылап, құжатты қабылдады.
Осылайша, Парламент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаған болатын.
Көпшілік даусымен Парламент Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Конституцияның 91-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламент Президенттің ветосын еңсеріп отыр. Бірлескен отырыста Парламент депутаттары заң жобасын қабылдауға бірауыздан дауыс берді. Сондай-ақ, жиын барысында жасалған ұсынысқа сәйкес, Конституцияның 46-бабы, 4-тармағындағы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті» деген сөздерден кейін «Елбасы» деген сөзбен толықты.
«Парламент қабылдаған заң Елбасының өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізу үшін нақты Конституциялық негіз болып табылады.» ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейін Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай деп мәлімдеді.
«Біз шын мәнінде тарихи заң қабылдадық. Бұл бүгінгі Елбасы Н.Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізу үшін нақты Конституциялық негіз болып табылмақ. Осылайша, республикалық референдумды өткізуді қолдаған 5 милллионнан астам қазақстандықтың ерік-жігерін іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер қамтамасыз етілетін болады»,- деген О.Мұхамеджанов игі іске арқау болған барша қазақстандықтарға алғысын жеткізді.
«ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясынаөзгерістеренгізутуралы» заңбірлескенотырыстабірауызданқабылданды. Ендіреферендумөткізугежолашылды», -дейдісенаторӨмірбекБайгелді. БұлпікірінолПарламентпалаталарыныңбірлескенотырысынансоңжурналистергебергенсұхбатындабілдірді.
«Халқымыздың5 миллионнанастамыреферендумөткізугеқолдаубілдірді. Меніңше, халықтыңойыдұрыс. Парламенттеосығансайшешімқабылдады. Ендіреферендумөтедідепойлаймын. Референдумбізгеөтеқажет. Ол- халықойыныңкөрінісінсипаттайтынеңбиікөлшем. Ол- әдеттегісайлаудандабиіктұратынұғым. Сондықтан, халықмұныөзішешсін. АлПрезидентреферендумөткізудіендіқұптайдыдегенойдамын. Өйткені, бұғанқатыстымәселеніңбарлығышешілді», - дедіӨ.Байгелді.
ҚазАқпарат

