МӘНІ ЗОР БАСТАМА

 

Біздің барша халық, демократиялық күштер, зияткерлік қауым Елбасымыз, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартуды қолдап отыр. Осыған байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде Мемлекет басшысының өкілеттілігін ұзартуға байланысты жиындар өтіп жатыр. Бұл тарихи оқиғаны Барыс жылының игілігі деп білемін.

Өздеріңізге белгілі, 2010 жылдың 24 желтоқсаны күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың 6-шы желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде республикалық жиын өтті. Осы жиында бүкілхалықтық референдум өткізу жөнінде ұсыныс жасалды. Ол күні бүгінге дейін барлық еңбек ұжымдарында, қоғамдық ұйымдарда талқыланып, қолдау тапты. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті елге айналып, экономикалық жағынан дамыған өркениет көшінен өзіндік орнын алуына Елбасымыз тікелей әсер етті. Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Республиканың мемлекеттік рәміздеріне, мәдени мұраға, мемлекеттік тілге және ұлттық салт-дәстүрлерге деген құрмет қалыптасып, баршамыздың мақтанышымызға айналды. Сонымен қатар, жастар мен жасөспірімдер үшін көптеген қолайлы жағдайлар жасалып, жоспарларын іске асыруға мүмкіндіктер туғызылуда. Біз – бақыттымыз!

Нағи АХМЕТҚАЛИЕВ,

Ақтоғай ауданының құрметті азаматы, тыл ардагері.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31