«АУЫЛ» КОАЛИЦИЯҒА ҚОСЫЛДЫ

 

Кеше Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының өкілдері «Қазақстан-2020» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясына қолдау білдіріп, оның қатарына кіргендігін мәлімдеді.

«Елбасының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды өткізуге еліміздің 5 миллионнан астам тұрғыны қолдау білдірді. Осы тұста біз де көтерілген бастаманы қолдаймыз, өйткені Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамалары өрге басып отыр, оған еш күмән жоқ», -дейді «Ауыл» ҚСДП төрағасы Ғани Қалиев.

Аталған партияның мүшесі, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов те Елбасының өкілеттігін ұзартуды қолдайтындығын әрі оның ел тәуелсіздігіне қосқан үлесі зор екендігін айтып өтті. «Кезінде Мәскеу Қазақстанға егемендік бергісі келмегеніне қарамастан,  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстанның тәуелсіздігін жариялап жіберді. Екіншіден, ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшірді, мұндай тарихи іске екінің бірі бара бермейді», - деп атап өтті өз сөзінде Ә.Нұрпейісов.

Жиынға Дулат Исабеков, Нұрғали Нүсіпжанов сынды танымал адамдармен қатар Көпмағамбет Елемесов, Әлихан Мелдебеков және тағы басқа академиктер қатысып, Президенттің атқарған ерен еңбегі жайында сөз қозғап, оның өкілеттігін ұзарту жөн деген тоқтамға келді.

 

ҚазАқпарат.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31