КӨПШІЛІК ҚОЛДАЙДЫ

 

 

Ел сеніміне бөленген Елбасының халыққа Үндеуін ұжымдық тыңдаудың бірі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында ұйымдастырылды. 
Президенттің бүкілхалықтық референдум өткізуге байланысты соңғы сөзін тыңдауға институттың оқытушылық құрамы мен студенттер тегіс жиналды. Мұнда келген барша қауым тәуелсіз еліміз үшін Ұлт Көшбасшысының орны әрдайым биік екенін айтып, оның бүгінгі халыққа арналған Үндеуін бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.
Аталмыш институттың тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Серік Елікбаев: «Елбасының бүгінгі халыққа қаратылып айтылған сөзі өте орынды. Нұрсұлтан Әбішұлы қолдаушылар мен қарсы шығушылар келісетіндей ортақ ой айтып, оң шешім қабылдады деп білемін. Демек, ел Президенті сайлауға түседі және оны халық толық қолдайтынына сенемін. Бұл біздің демократиялық ел екенімізді көрсетеді», - дейді. 
Президенттің халыққа Үндеуінен кейін ой бөліскен ғалым ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Назымгүл Әсенова: «Біз Елбасының президенттік өкілеттігін ұзартуға байланысты референдум өткізгенді жөн көрдік. Алайда Президент халықтың пікірімен санаса отырып, оның қаншалықты заңды екендігіне терең мән берді. Сол үшін біз Елбасының пікірімен келісеміз, оны әрдайым қолдаймыз. Қалай дегенмен де сайлау болған күнде халық өз таңдауын жасап, арманына жетеді деп сенемін», - дейді.
 Н.АҚЫТЕГІ.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28