ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖЫЛ АДАМЫ - 2010» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық «Жыл адамы - 2010» сыйлығының гран-при иегері атанды.

Лауреаттарды марапаттау рәсімі Мәскеуде өтті. Мемлекет басшысы үшін төсбелгі және Құрмет грамотасын Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Зауытбек Тұрысбеков алды. З.Тұрысбековтің айтып өткеніндей, ҚР Президенті Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына қосқан үлкен үлесі үшін осы халықаралық сыйлыққа ие болып отыр. «Кеден одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру бастамалары Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Бұл жүлде Мемлекет басшысының еңбегі зор бағаға ие болғанын, біздің Елбасымыздың халықаралық беделін дәлелдейді», - деп атап өтті елші.

«Жыл адамы» дәстүр бойынша Сарапшылар кеңесі мүшелерінің дауыс беруімен анықталады. Кеңеске Ресей саясаткерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, іскер топ өкілдері, сонымен қатар, ресейлік және шетелдік БАҚ кіреді.

 

ҚазАқпарат

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26
28