Кеше Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрында алдағы Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аймақ әйелдерінің форумы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға облыс басшысы Бақытжан Сағынтаев, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, өңірімізге қарасты аудандардағы іскер және саясаткер қыз-келіншектер қатысты.
Жиында көпшілік қауым облыстың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің алатын орны туралы әңгіме өрбітті. Мемлекеттегі гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың келешек бағыттары талқыланып, алдағы уақытта елімізде жүзеге асырылатын стратегиялық бағдарламаларға әйелдердің белсене қатысу керектігі туралы айтылды. Шара соңы елімізге танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты.
Форум жайлы кеңейтілген материал газетіміздің келесі санында жарияланады.
Өз тілшіміз.

