БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше ІV сайланған облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

 

Сессияда 2010 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы мен орындалу деңгейі сөз болды.

Сессия жұмысына қатысушылар алдында сөз алған облыс қаржы басқармасының бастығы Бәкір Демеуов былтырғы жылға арналған облыстық бюджеттің игерілуі туралы баяндады. Оның айтуынша, өткен  жылдың қорытындысы бойынша облыстық бюджетке 70 млрд. 600 млн. теңге түскен. Бұл жылдық жоспардың 100 пайызын құрап отыр.

Облыстық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға 69 млрд. 389 мың теңге жұмсалған. Атап өтерлігі, жоспарланған барлық әлеуметтік бағдарламалар мен мемлекеттік қызметкерлердің ай сайынғы жалақысы аталған бюджет қаражатының есебінен толығымен қамтылған. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларына қомақты қаржы бөлінген. Атап айтар болсақ, биылғы оқу жылынан бастап жаппай білім беру мекемелерінің бағдарламасына енген «Өзін өзі тану» пәніне арналған жеке кабинеттерді жабдықтауға, оқу-құралдары мен қосымша әдебиеттер сатып алуға, білім ордаларының техникалық-материалдық базасын жаңартуға қомақты қаражат жұмсалған. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен Ертіс ауданына қарасты Иса Байзақов атындағы орта мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, Баянауыл ауданындағы 600 орындық мектеп-интернатының құрылысы аяқталды. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша аймақта 176 шағын орталық пен 10 жаңа балабақша ашылған.    

Соңғы уақытта елімізде медицина саласы айтарлықтай қарыштап дамып келе жатқаны баршаға аян. Осы ретте Б.Демеуов аймақ тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында жаңа медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер мен вакциналар сатып алуға былтырғы жылы жергілікті бюджеттен қомақты қаражат бөлінгенін атап өтті. Мәселен, тек қана кепілдендірілген тегін медициналық көмек үшін 8 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Республикалық және жергілікті бюджет арқылы 123 бірлік медициналық жабдық сатып алынған. Оған қоса, осы салада жаңа ғимараттар да бой көтеруде. Соның бірі - мемлекеттік «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында тұрғызылған облыстық туберкулезге қарсы диспансері. Былтыр оның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қуантарлығы, денсаулық сақтау саласына жыл сайын республикалық бюджеттен де мол қаржы бөлініп, халық игілігі үшін толағай жұмыстар атқарылуда.

Жалпы, былтыр әлеуметтік салаға бөлінген қаражат мөлшері облыстық бюджеттің 40 пайызын құраған.

Жиында тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға да ерекше көңіл бөлінгені баяндалды. Өткен жылы «Тұрғын үй қорын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аяқталып, нәтижесінде Павлодар қаласында екі көпқабатты тұрғын үй, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған 108 пәтерлі, ал Екібастұз қаласында 80 пәтерлі жаңа баспана берілді. Осыған қарап, бұл бағытта жұмсалған қаражаттың да аз емес екенін аңғаруға болады. Сондай-ақ халықты әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету, мамандарды қайта даярлау және жұмыспен қамту, басқа да көптеген мәселелер бойынша әр саланың қажеттілігіне сай қаржы бөлінгені баяндалды. Бұл ретте облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев ауылдық жерлердегі шаруаларға және кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға мемлекет қашанда қаржылай қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Николай Шабрат салаларды дамытуға өткен жылы облыстық бюджеттен де, республикалық бюджеттен де қомақты қаржы бөлінгенін, өкінішке қарай, аталған қаржының толық игерілмегенін жеткізді. Ал тексеру комиссиясының төрағасы А.Гуськов бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалауға байланысты 23 мекеменің жұмысы тексерілгенін мәлімдеді. Тексерулер барысында заң бұзушылық әрекеттердің кездескенін, соның салдарынан мемлекет қаржысының талан-таражға түскенін айтты.

Бұдан соң облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Г.Давдрикова сөз алып, «2011-2013 жылдарға арналған экономика және бюджеттік жоспарлау туралы» шешімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәлімдеді. Аталған өзгерістер бойынша, алдағы уақытта халықты жұмыспен қамтуға, ауыл шаруашылығын дамытуға және білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс салаларына ерекше мән берілетіндігі айтылды.

Сессия соңында бұған дейін облыстық мәслихатпен бекітілген бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Н.ШОДЫР. 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31