ҚАЗАҚСТАН ҰЙЫМДЫ НӘТИЖЕЛІ БАСҚАРДЫ

Кеше Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) мерейтойлық оныншы Саммиті өтті. Форум Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттерінің басшылары - Ресей президенті Дмитрий Медведев, ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао, Өзбекстан президенті Ислам Каримов, Қырғызстан президенті Роза Отынбаева, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесуінен басталды.

ШЫҰ мерейтойлық Саммитінің негізгі мазмұны өткен онжылдықтағы жұмыс нәтижелеріне сараптама жасау және Ұйымның одан әрі дамуының алғышарттарын анықтауға арналған. Сонымен қатар, Саммит барысында әлем мен аймақтағы қазіргі заманғы ахуалға қатысты кең ауқымды мәселелер де талқыланды.

Шара нәтижелері бойынша ШЫҰ онжылдығының Астана декларациясы қабылданды.

Астанадағы Саммит аяқталғаннан кейін ШЫҰ-ға төрағалық Қазақстаннан Қытай Халық Республикасына өтеді.

ҚазАқпарат.

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жылғы 16 маусымындағы номерінен оқи аласыздар)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30