МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ НЕМҚҰРАЙДЫ ҚАРАҒАН шенеуніктер қатаң жазаға тартылмақ

Баянауыл мен Железинка аудандары және облыстың денсаулық сақтау мекемелері мемлекеттік рәміздердің ілінуі мен орналасу тәртібіне мән бермей, ат үсті қарайды. Бұл туралы облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның отырысында мәлім болды.

 

Облыстық ішкі саясат басқармасы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бекітілген кестеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп Баянауыл мен Железинка аудандарындағы мемлекеттік мекемелерге, облыстық денсаулық сақтау ұйымдары мен әділет басқармасына тексеріс жүргізді. Рейдтік тексерістің нәтижесінде бірқатар мекемелердегі мемлекеттік рәміздер бекітілген стандарттарға сәйкес еместігі белгілі болды. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Бауыржан Қапеновтің мәліметінше, облыстық диагностикалық орталықтың ғимаратында Мемлекеттік Ту орнатылмаған. «Бұл «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңын бұзу болып табылады»,- деді ол.  Сондай-ақ, осы мекеменің мәжіліс залында Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның орналасу тәртібінің дұрыс еместігі анықталған.

 

 

Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 28 маусымдағы номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30