Тәуелсіздіктің 20 жылындағы Қазақстан мемлекеті экономика өркендеуінің нәтижесін бағалай отырып, біртіндеп және кезең-кезеңмен орнықты әлеуметтік-экономикалық дамудың қазақстандық моделін қалыптас-тыруға көшкенін атап өту қажет.
Республика экономикасы ақша мен тауар қарым-қатынасы құрылымының бұзылуына, бәсекелестік қабілеттің төмен деңгейіне байланысты терең дағдарыс кезінде реформалана бастады. Нарықтық экономикаға көшу өмір кейпінің, ойлаудың түпкілікті өзгеруінен болды. Нарықтық өзгерістердің бастапқы кезеңінде мемлекет қызметі экономиканы либерализациялауға және нарықтық қатынастың заңнамалық базасын құруға бағытталды. Өнімдер мен қызметтердің көптеген түрлері бойынша бағаларды мемлекеттік реттеуді жою, жоспарлау және бөлу сынды қызметтерде мемлекеттік органдарды қысқарту, шаруашылық субъектілердің істеріне мемлекеттік араласуға шек қою шеңберінде шұғыл түрде шешімдер қабылданып жатты.
Қ.Төлендинов,
ТМРА Павлодар облысы
бойынша департаментінің директоры.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 3 қыркүйегіндегі номерінен оқи аласыз)

