Бұрнағы күні облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Мозамбик мемлекеті минералды ресурстар министрлігінің құрметті министрі Эсперансе Лауринда Фрациско Биаспен, сонымен қатар әлемдегі индустрия, энергетика салаласының ірі өндірушісі - ENRC компаниясы өкілдерімен кездесті. Аймақ басшысы мәртебелі қонақтарды қазақи қонақжайлылықпен қарсы алып, ата салт бойынша халқымыздың ұлттық киімін кигізді.
Екі елдің индустриялық инновация бойынша қарым-қатынасын нығайтып, тәжірибе алмасуға бағытталған шара барысында Бақытжан Әбдірұлы Ертістің Павлодар өңіріндегі экономиканың түрлі салаларының даму қарқынымен таныстырып өтті. Жергілікті кәсіпорындар толық өндірістік қуат күшінде жұмыс істейтіндігін алға тартып, еліміздегі үдемелі индустриалы-инновациялық даму бағдарламасы негізінде 166 жоба жүзеге асырылып жатқанын тілге тек етті.
А.ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 8 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

