Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астраханьдағы Қазақстан мен Ресейдің VIII аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты.
Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Астрахань қаласына келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев ұшақ трапынан арнайы күтіп алды. Мемлекет басшыларының екіжақты кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев алдымен ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевті туған күнімен құттықтап, Ресей елінің келешегі, Қазақстанмен ынтымақтастықты кемелдендіре түсу бағытындағы еңбегіне табыс тіледі. Екіжақты кездесуде Қазақстан мен Ресейдің 2011-2012 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарының кейбір тармақтарының орындалу барысы, отын-энергетикалық кешенін дамыту, Кеден одағының тиімділігін арттыру, «Байқоңыр» ғарыш айлағын бірлесе пайдаланудың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру, трансшекаралық су нысандарын пайдалану және қорғау, сондай-ақ, интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі халықаралық мәселелер талқыланды.
Интернет мәліметтерінен алынды.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 17 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

