Кеше өткен облыстық мәслихат сессиясында Павлодар облысының логотипі бекітілді. 2011 жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылы белгісімен өтіп жатқандығы белгілі. Елімізде қолға алынып жатқан маңызды шаралардың барлығы дерлік осы айтулы мерейтойға арналуда. Бұл ретте, Астана қаласында әр облыс күндерін өткізу ісі жолға қойылды. Оған қатысты іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында аймағымыздың ерекшелігін көрсететін жарнамалық-баспалық өнімнің – өңірдің айрықша белгісі, яғни облыс логотипінің қажеттілігі туындады, дейді мамандар. Сессия кезінде облыстық мәдениет басқармасының бастығы Қанат Кәрімов депутаттарға жаңа логотипті таныстырды. Халық қалаулылары оны бірауыздан бекітті.
Д.АЙТПАЙҰЛЫ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 1 қазандағы номерінен оқи аласыз)

