ЖАҢА ӘКІМДЕРГЕ - ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Өткен сенбіде облысымыздың қос қаласының әкімі ауысты. Облыс орталығына Ақсу қаласының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов келді, ал Ақсу шаһарына Болат Бақауов әкім болып барды. Соңғысы бұған дейін Қашыр ауданының әкімі қызметін атқарған болатын. Лауазым иелерін екі қаланың актив жиналысында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев таныстырды.

Павлодар қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысқан аймақ басшысы қала әкімінің қызметіне О.Қайыргелдиновтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Бұдан кейін, аталмыш маңызды шешімді Б.Сағынтаев қала активімен болған кездесуде ресми түрде мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, қаланың бұрынғы әкімі Бақытжан Жоламанов басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен орнынан босатылған болатын.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ,

Павлодар-Ақсу.

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 11 қазандағы номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31