КЕЛЕР ЖЫЛДЫҢ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

 

Сейсенбі күні облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы болып өтті. Оған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Депутаттар қараған мәселелердің ең негізгісі – 2012-2014 жылдарға арналған облыстың бюджеті.

Oблыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Г.Давдрикованың сөзіне қарағанда, келесі жылы қомақты қаражат әлеуметтік салаларға бағытталатын. Бұл сала бойынша бюджеттің жеке кірісі 2011 жылмен салыстырғанда 103,7 пайызға өспек болады. Негізгі кіріс көзін Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша салынатын әлеуметтік және жекелей негіздегі алым-салықтар құрамақ. Сондай-ақ, қоршаған ортаны, су және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін эмиссиялар да есепке алынған. Бұл ретте, 7,2 миллиард теңге облыстық бюджетке түсетінін ескере кеткен жөн. Келесі жылы салықтық емес түсімдер көлемі 347,9 млн. теңге болады деп белгіленген. Ал 2012 жылы республикалық бюджеттен берілетін субвенция 28,9 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде.

Облыстық мәслихаттың шешімімен 2012 жылы Павлодар қаласының бюджетінен 6,9 млрд. теңге шамасында қаражат игеріледі деп жоспарланған. Яғни, осынша сомада қаражат облыс орталығындағы маңызды іс-шараларға бағытталады. Г.Давдрикованың айтуынша, келер жылғы бюджеттің жобасын әзірлеуде үнемдеуге баса мән берілді. Дегенмен, әлеуметтік бағдарламалар бойынша қысқартулар болған жоқ.

Білім беру жүйесіне 2012 жылға облыстық бюджеттен 7,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұл үстіміздегі жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Сондай-ақ, келесі жылы дарынды жасөспірімдерді, мүмкіндігі шектеулі, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды, кәсіптік лицейлер мен колледж оқушыларын оқытуға баса назар аударылады. Мұғалімдердің орташа еңбекақысы 65,3 мың теңгені құрамақ. Колледждер мен кәсіптік лицей студенттерінің шәкіртақысы 12,2 мың теңгеге дейін артады. Сондай-ақ, өңір бойынша 20 нысан материалдық-техникалық жағынан жабдықталып, 7 ғимарат күрделі жөндеуден өтеді. Бұл үшін облыстық қазынадан 252 миллион теңге бағытталады.

Денсаулық сақтау саласына да баса мән беріліп отыр. Тегін медициналық көмек көрсету көлемі 11,4 млрд. теңгені құрайды. Бұл - жалпы денсаулық сақтау жүйесіне беріліп отырған қаржының 91,2 пайызы. 815,1 млн. теңгеден астам қаражат дәрі-дәрмек алуға жұмсалады. Сонымен бірге, 8 емдеу мекемесін күрделі жөндеуден өткізіліп, 34 дәрігерлік орталыққа медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады деп күтілуде. Бұл мақсаттарға 413,8 млн. теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 85,7 мың теңгені құрайтын болады.

2012 жылдың бюджетінде халықты әлеуметтік қорғау мәселелері де ерекше ескерілген. Аталған салаға 1,2 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Мүгедектерді сауықтыру шаралары жалғасын табады. Санаторлық шипажайлардағы емдеу шараларына, протезді-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етуге 120,6 млн. теңге бағытталады.

Мәдениет саласында алдағы жылы екі облыстық кітапхана, қос театр, тоғыз музей мен «Достық үйі» және «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының жұмыстарын жандандыру басты назарға алынады. Дене шынықтыру және спортты дамытуға бөлінетін қаржы биылғы жылмен салыстырғанда едәуір артпақ. Оның басым бөлігі түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысын жетілдіруге бағытталады. Бұл ретте, облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев демеушілердің көмегімен жаңа спорттық алаңдарын ашу жұмыстары жалғасатынын айрықша атап өтті.

Құқық қорғау органдары 3,9 млрд. теңгеге қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2012 жылы өнімділікті көтеруге және өндірілетін дәнді-дақылдардың сапасын арттыруға 1,5 млрд. теңге жұмсалады.

Павлодар қаласына берілетін бюджет қаржысына (барлығы 2,2 млрд. теңге) 4 балабақша қалпына келтіріліп, Ленин кентінде мәдениет үйінің құрылысы басталады. Сондай-ақ, бөлінген қаржыға аулаларды көріктендіру, көшелерді жарықтандыру желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, келесі жылы облыстық бюджет есебінен Қашыр ауданы Федоровка ауылындағы балаларды сауықтыру лагері күрделі жөнделіп, Железин ауданына қарасты Мыңкөл ауылындағы жалпы білім беру мектебінің материалдық-техникалық базасы нығайтылмақ.

Г.Давдрикованың баяндамасынан кейін депутаттар бюджетке байланысты пікірлерін ортаға салды. Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н.Шабрат келер жылы облыстық қазына есебінен бірқатар маңызды істерді атқару көзделіп отырғандығын тілге тиек етті. Мәдениет және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ерлан Арын келесі жылдың бюджет жобасына оң баға берді. Барлық жүзеге асатын шаралар әлеумет үшін жасалатын игіліктер, деп атап өтті ол.

Облыс әкімі сессия барысында көтерілген бірқатар мәселелерге түсініктер бере келіп, бүгінде экономикамыз түзеліп, кәсіпорын-дарымыз тұрақты жұмыс қарқынына көшкенін, оның нәтижесі бюджет түсімдерінің көбеюіне әкелетінін айтты.

Депутаттар облыстық бюджет жобасынан басқа қоршаған ортаға байланысты эмиссия төлемдері мөлшерлемесін, су қорлары мен ормандарды пайдаланудың ақысын көтеруді мақұлдады.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31