ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

 

ҚР Парламенті Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауына қатысуға ниеттенген Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының өкілдері аймағымызда болып қайтты. Өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында облысымыздың бірқатар аудандарын аралап, тұрғындармен жүздесті. Қорытынды жиынды Павлодар қаласында өткізді.

Аталмыш саяси құрылымның Павлодар облыстық филиалының төрағасы Рымтай Шөкеевтің айтуына қарағанда, сайлау додасына дайындық қызу жүруде. Партия өкілдері еліміздің барлық аймақтарын қамтуға тырысуда. Әсіресе, аудандар мен ауылдық елді мекендерге көп көңіл бөлінуде. Себебі, ел халқының қырық пайызы ауылдық жерлерде тұрады.

Шара барысында «Ауыл» СДП атынан сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің бірі Ләззат Құсайынова жиналғандарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ол саяси құрылымның сайлау тұғырнамасы бірінші кезекте ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталғандығын жеткізді. Бұл ретте, негізгі басымдық аграрлық секторды, ауылдағы кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға бағытталмақ. Сондай-ақ, елдімекен тұрғындарының әлеуметтік жағдайы ескерілмек.

Д.АЙТПАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 31