«САЙЛАУҒА САҚАДАЙ САЙМЫЗ!»

Ағымдағы айдың бел ортасында қазақ елі ҚР Парламенті Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлайды. Саяси науқаннан әр адам қалыс қалмауы, керісінше белсенділік танытып, үміткерлерге дауыс беруі қажет. Себебі, халық - мемлекеттік биліктің бастауы десек, оның нақты көрінісі тұрғындардың саяси науқандарға барынша қатысуы. Ал бұл маңызды шара сайлау арқылы іске асырылатыны белгілі.

Аймағымызда аталмыш саяси додаға деген дайындық қызу жүргізілуде. Халық қалаулысы атанамын деушілер үгіт-насихат жұмыстарымен әлек. Округтік сайлау комиссияларының құрамы толық бекітілген. Ал сайлау учаскелері сайлаушыларды қабылдауға қазірдің өзінде сақадай сай әзір. Сөзіміз дәлелді болуы үшін мына бір жайтты атап өтуге болады. Кеше жоғарыда аталған маңызды саяси науқанға дайындық деңгейлерін білу мақсатымен облыс орталығындағы бірқатар сайлау учаскелеріне бас сұқтық.

Ат басын бұрған сайлау учаскелерінің бірі - №55-ші. Ол Павлодар қаласының мамандандырылған №7 жалпы орта білім беру мектебінде орын тепкен. Мұнда барлығы 2033 сайлаушы тіркеліпті. Қазірдің өзінде дауыс беруге арналған орындар әзірленген. Бюллетеньдерге арналған қорапшалар да дайын.

Комиссия құрамында жеті адам бар. Олар сайлауға дейін күн сайын кезектесіп жұмыс істейтін көрінеді. «Өздерінің сайлаушылардың тізімінде бар-жоғын анықтау үшін, немесе басқа да сауал, өтініштерімен келген тұрғындарды қабылдаймыз. Ал тізімдегі сексеннің сеңгірінен асып, тоқсанды алқымдап қалған қариялардың үйлеріне өзіміз хабарласамыз. Себебі, сайлау кезінде денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үйлерінде отырып дауыс беру мүмкіндіктері бар. Қуаныштысы сол, қарттарымыздың көбі өздері келіп қатысатындықтарын білдіруде», - дейді №55 сайлау учаскесінің хатшысы Вера Аносова.

Осылайша, сайлау учаскесінде азаматтардың өз таңдауларын жасауға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Заң шеңберінде барлығы қамтылды. Ендігі ерік сайлаушыларда.

Д.АЙТПАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31