«НҰР ОТАННЫҢ» ЖЕҢІСІ – ТҰТАС ЕЛДІҢ ЖЕҢІСІ!

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы жеңіске жетті. Кеше, осыған орай, облыс орталығындағы «Астана» мұз сарайында 10 мыңға жуық адамның басын қосқан ауқымды форум өтті. Оған облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, аталған партия атынан сайлау додасына түскен кандидаттар, аймақтағы ірі кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Егемен еліміздің Мәжілісінің көппартиялы болуыдемократиялық жетістігіміздің басты айғағы. Сайлауға бір адамдай атсалысқан жерлестеріміз ел болашағы үшін дауыс берді. Олар халықтың мүддесін қорғап, мемлекетіміз үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан партияны таңдады. Бірлік пен берекені, татулық пен ынтымақты ту еткен қазақстандықтар аталған саяси құрылымға ерекше иек артады. Бейбітшілік пен келісім салтанат құрған жерде жасампаздық та, бақыт та орнығады. Сайлау науқаны әділ де ашық өтті. Мұны шетелдік бақылаушылар да мойындап отыр. Жұдырықша жұмылып, уыздай ұйыған халқымыз тағы бір мәрте Қазақстан Республикасының көпұлтты, берекелі мемлекет екенін дәлелдеді.

Жүздерінде қуаныш оты лаулаған форумға қатысушылардың лебізі «Нұр Отан» партиясының жеңісіәр сайлаушының жеңісі» деген түсінікті айқын аңғартты. Шарада Елбасы «Нұр Отан» ХДП-ның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаушыларға деген ризашылық сезімі мен шынайы алғысы жазылған бейнекөрсетілімнен үзінді ұсынылды. «Құрметті отандастар, «Нұр Отан» партиясының бүкіл Қазақстандағы мүшелері, сайлауға атсалысқан, көмектескен барлық азаматтар - баршаларыңызды «Нұр Отан» партиясының осы сайлаудағы жеңісімен, халықтың жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Енді, мінекей, көппартиялы Парламентке қол жеткіздік. Алдын ала жарияланғандай, «Нұр Отан» партиясы өте үлкен табысқа, жеңіске жетті. Халыққа рахмет, тағы да бізге сеніп, жүк артып, айтқан бағдарламаларымызды орындауға барлық мүмкіншілікті берді. Елдің бірлігіне, Қазақстанның тұрақтылығына, елдің болашағына сенді. Сондықтан, Қазақстан халқына шын жүрегімізден алғыс айтамыз»,-деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Сондай-ақ, ол облыстарда әрекет еткен штабтардың жұмысына ризашылығын жеткізді.

Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев жерлестерімізді әділ сайлаудың нәтижелі өтуімен және «Нұр Отан» ХДП-ның айқын жеңісімен құттықтады.

- 15 қаңтар күні отандастарымыз «Нұр Отан» партиясына ғана емес, еліміздегі саяси тұрақтылық пен кемел келешекке, береке мен бірлікке, ынтымақ пен келісімге дауыс берді. Бұл сайлау республикамыздың демократиялық мемлекет екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Партияға қарапайым халық үміт артады, оның жемісті жұмысына сенеді. Сайлау додасында белсенділік танытқан павлодарлықтарға алғысымды білдіремін. «Нұр Отан» партиясы биыл да сөзсіз жеңісіне қол жеткізді. Сайлау барысын қадағалаған шетелдік бақылаушылар да науқанның әділ өткенін мәлімдеуде. Енді біздер тізе қосып жұмыс атқарып, биіктерді бағындыруымыз қажет. «Нұр Отанның» жеңісіелдің жеңісі. Алға, Қазақстан!»,- деді аймақ басшысы.

Аталған партияға дауыс берген әрбір азамат Тәуелсіз еліміздің көркеюін шын ниетпен тілейтінін аңғартты. Партияның облыстық штабының басшысы Ерлан Арын сайлау науқаны кезінде өңірдегі барлық жергілікті штабтардың жұмысы оң жолға қойылғандығын атап өтті. «Бүгін - баршамыз үшін тарихи күн. Облыс жұртшылығын осынау тарихи жеңіспен шын жүректен құттықтаймын. Біздің партияжарқын істердің партиясы. Біздің партия ел мүддесі үшін қызмет етеді. Көпшіліктің тілегі қабыл болып, партиямыз жеңіске жетті. Бұл сайлау барлығымыз үшін аса маңызды болды»,- деп атап көрсетті Е.Арын.

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның инженері Балғабек Әлежанов жеңімпаз партияның ел экономикасын, өнеркәсіпті дамытуға жасап жатқан игі бастамалары көңіл қуантады деді. Жыл сайын қарапайым тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтуды алға қойған партия ел ішінде үлкен сенімге ие екендігін атап көрсетті ол. «Нөкер» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Қайрат Нүкенов ауыл шаруашылығы саласында соңғы жылдары іске аса бастаған тың жобаларға «Нұр Отан» партиясы үнемі үн қосатынын жеткізді. «Жерлестеріміз жарқын келешек үшін дауыс беріп, өз болашақтарын сенімді қолға тапсырды», - деді ол.

Өңіріміздегі өнер, мәдениет саласы қызметкерлерінің атынан сөз сөйлеген Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының әртісі Бекболат Оқасов: «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасы елдің бүгінгі әлеуеті мен ертеңгі мақсатын айқындаған нақты қадамдар жоспары болды. Сондықтан да, халықтың таңдауы партия ұсынған ұлттық жоспар аясына бірікті. Елдің саяси өміріндегі жаңа белестен біз үлкен абыроймен өттік. Босағамыздан енген ел тәуелсіздігінің үшінші онжылдығындағы алғашқы жеңісіміз құтты болсын!», - деп ізгі тілегін жеткізді.

Ерекше атап өтерлігі, шарада Қазақстан коммунистік халық партиясы мен «Ақжол» партиясының өкілдері «нұр отандықтарды» жеңісімен құттықтады. Олар: «Бүгін елдің бірлігі мен берекесі жеңіске жетті. Біз Тәуелсіз елімізбен мақтанамыз, асуларды бірге бағындырамыз. Бұл - баршамызға ортақ жеңіс»,- деді.

Шарада патриоттық әндер шырқалып, көпшілікке шаттық пен сүйіспеншілік сезімін сыйлады. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының өкілдері болашағымыз жарқын болады деген тілекпен тарқасты.

 

Форумға қатысушылардың ой-пікірЛЕРі

 

Медет ТАУАСҚАНОВ, Успен аудандық мәдениет үйінің қызметкері:

- Мен әрдайым Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатын қолдаймын. Кемеңгер басшымыз басқаратын «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясымен бірге біртұтас халқымыз қиын күндерді артқа тастап, жарқын болашаққа бет бұрды.

Мен осыдан төрт жыл бұрын халықтың сенім үдесінен шыққан «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылдандым. Сол кезден бастап, республика жұртшылығының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған партия жұмысының оң нәтижелеріне көзім жетті.

Міне, жексенбі күні өткен сайлау науқанында Қазақстанымыз бүкіл әлемге өзінің зайырлы, демократиялық мемлекет екенін тағы бір мәрте мойындатты, дәлелдеді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау ашық, әділ түрде өтті. Өз басым, Успен ауданы орталығындағы №404 сайлау учаскесінде дауыс беріп, азаматтық борышымды орындадым. Сонда өз таңдауын жасауға келген азаматтардың көңіл-күйлері көтеріңкі болғанын байқадым. Олардың белсенділігіне сүйсіндім. Аталмыш сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың 96,7 пайызы дауыс бергені қуантарлық жағдай. Еліміз үшін маңызды саяси шешімнің арқасында көппартиялылыққа және  саяси пікір, көзқарастар мен идеялар алаңының кеңеюіне жол ашылды. Ал саяси додада жеңіске жеткен «Нұр Отан» партиясы болса, өзінің нағыз халықтық құрылым екенін дәлелдей түсті. Нұротандықтар, жеңістеріңіз құтты болсын! Алға, Қазақстан!

 

Ұлан ӘУБӘКІРОВ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның аға шебері:

- Небары 20 жыл ішінде еліміз өркениетке қол жеткізіп, дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды. Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында мемлекетіміз экономикасы қарыштап дамыған индустриялы елдер сапынан көрінді. Тәуелсіздік жылдары Павлодар - өңір жұртшылығының ғана емес, барша қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Қазақстандық қанатты металл өндіретін осындай зауытта қызмет еткенімді абырой санаймын. Жуық арада зауытымыздың үшінші кезегінің құрылысы басталмақ. Бұл - біздің ай, жыл санап өркендеуіміз бен дамуымыздың дәлелі. Осындай тарихи, қуанышты сәттерде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының берік қолдауын сезіндік. Үстіміздегі жылдың 15 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде ерекше сезімде болдым. Бұл елім, жерім, халқым үшін мақтаныш сезімі болатын. Мен бұл саяси додада «Нұр Отан» партиясы әділ жеңіске жететініне сендім. Отандастарымды баршамыздың ортақ жеңісімізбен құттықтаймын!

 

Любовь КАЧЕНКО, «Полония» поляк этно-мәдени бірлестігі жанындағы жастар қанатының көшбасшысы:

- Өткен жексенбі күні бүкіл қазақстандықтар үшін үлкен тарихи оқиға орын алды. Менің ойымша, бұл сайлаудағы әрбір қазақстандықтың дауысы шешуші болып табылады. Сондықтан, барлығымыз енжарлық танытпай, азаматтық борышымызға жауапкершілікпен қарадық. Осы күні біз, жастар қауымы, өз таңдауымызды жасадық. Аталмыш саяси науқан менің өмірімдегі екінші сайлау болып табылады. Бұл шараға замандастарымның белсенді қатысқанына ризамын. Олардың халық мүддесін қорғап, ел дамуы жолында нақты істерді жүзеге асырған «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясына қолдау көрсеткендеріне куә болдым. Мемлекет басшысы партиясының алдыңғы қатардан көрінуібіздің ортақ жетістігіміз! Армандары тау асып, бірлігі жарасқан қазақстандықтарды жеңістерімен құттықтап, болашақта жемісті жетістіктерге жететінімізге сенімк білдіремін.

 

Назерке СЕМЕЙ, жергілікті «Самұрық» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

- Осыдан екі жыл бұрын құрылған «Самұрық» жастар ұйымы қазіргі кезде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының өңірдегі филиалымен тығыз қарым-қатынаста. Осы мерзім аралығында біз, самұрықтықтар мен нұротандықтар ортақ мақсат-міндеттерімізді орындау жолында бірлесе еңбек еттік. Аталмыш жастар бірлестігі құрамында болғаныма бір жыл болды. Осы бірлестіктің ұлтжанды жастары қатарына кіруімді дұрыс таңдау деп есептеймін. Себебі, біздің бірлескен жұмысымыз еліміздің дамуына қомақты үлес қосуда.

Үстіміздегі жылдың 15 қаңтарында облыстық «Самұрық» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері өз сайлау учаскелеріне барып, таңдауларын жасады. Елбасы партиясы жеңіске жететініне кәміл сендім. Өйткені, «Нұр Отан» - нақты істер партиясы!

 

Ф.ӘМІРЕНОВ, А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31