«ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІ ТАҢДАДЫҚ!»

 

дейді Мәжіліс сайлауына қатысқан Ассамблея мүшелері

Жуырда Астана қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) кезектен тыс XVІІІ сессиясы өткені белгілі. Алқалы жиын барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына аталмыш қоғамдық құрылым тарапынан ұсынылған 9 үміткер сайланған болатын. Кеше Павлодар қаласындағы «Достық үйінде» облыс бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының меңгерушісі Сейсембай Жетпісбаев пен ұлттық этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Онда сессияға қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.

Айта кетелік, 16 қаңтар күні елордада, Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен маңызды шараға Ертістің Павлодар өңірінен 14 өкіл қатысқан болатын.

- Үстіміздегі жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлау науқаны өтті. Бір күннен соң ҚР Парламенті Мәжілісіне ҚХА атынан депутаттар сайланғаны белгілі. Осындай тарихи сәтте біз өз таңдауымызды жасадық. Ассамблеяның сессия жұмысына қатысқан 335 адам ауызбіршілік танытты. Біз ұсынылған тоғыз депутатты қолдау арқылы еліміздің гүлденуін, мемлекетіміздегі ұлтаралық қарым-қатынастың нығаюын, Тәуелсіздігіміздің тұғырлана түсуін таңдадық!», - деді С.Жетпісбаев.

Жиын барысында егемендіктің 20 жылында рухани және экономикалық дағдарыс иірімдерінен сүрінбей өткен еліміздің қол жеткізген табыстары, алда тұрған асулары туралы келелі әңгіме өрбіді. ҚХА кеңесінің мүшесі, Қазақстандағы поляктар одағының төрағасы, облыстық «Полония» бірлестігінің төрағасы Виталий Свинцицкий депутаттарды сайлау науқаны әділ, әрі ашық түрде өткенін тілге тиек етті. «ҚХА кеңесінің мүшесі ретінде ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттар сайлау барысында бірқатар талаптарға сүйендік. Біріншіден, бұрынғы және жаңадан сайланатын Мәжіліс депутаттары арасындағы тәжірибе сабақтастығы ескерілді. Сонымен қатар, ұсынылған азаматтардың осы уақытқа дейін атқарған жұмысы мен гендерлік саясат негіздері назарға алынды, - деді ол.

ҚР Мәдениет қайраткері Александр Верещак Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысқан Ассамблея сессиясынан алған әсерімен бөлісті.

- Осындай тарихи оқиғаға қатысып, ҚХА атынан ұсынылған азаматтарға дауыс бергеніме ризашылық білдіремін. Жиын барысында біз «Жерұйық» фильмін тамашаладық. Онда сонау қиын-қыстау заманда түрлі ұлт өкілдеріне пана болған қазақ халқының өмірі суреттелді. Соны көріп, бойымды мақтаныш сезімі кернеді, - деді ол.

Барша қазақстандықтардың басын қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясыел бірлігін нығайту жолында игі бастамаларды іске асырып, татулықтың таптырмас үлгісін көрсетуде. Павлодар өңірін мекендейтін түрлі ұлт өкілдері арасындағы тұрақтылық пен келісімді нығайта түсетін игі істер көп. Ендігі мақсатұлттық мәдениетті дамытумен қатар, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық саланың одан әрі өркендеуіне үлес қосып, аянбай еңбек ету, деп шараны түйіндеді қатысушылар.

А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31