ДЕПУТАТ-ӘЙЕЛДЕР БАС ҚОСТЫ

Таяуда облыс әкімінің орынбасары, отбасылық-демографиялық саясат және әйелдер ісі бойынша облыстық комиссияның төрайымы Әлия Ғалымова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауында жеңіске жеткен депутат-әйелдермен кездесті.
Әлия Қайратқызы жиналғандардың қуанышына ортақтасып, сайлаудағы жеңістерімен құттықтады.
– Ер азаматтармен қатар әйелдер де экономика, саясат пен әлеуметтік сала жұмысына араласуы арқылы қоғамның дамуы жолында сүбелі үлестерін қосып келеді. Жуырда ғана өткен сайлау науқанында жеңіске жету арқылы сіздер өздеріңіздің білікті, қабілетті, еңбекқор екендеріңізді дәлелдей түстіңіздер. Болашақта ел дамуы жолында білек сыбана, аянбай еңбек ететіндеріңізге кәміл сенемін!, - деді ол.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылында еңсесі биіктеген мемлекетіміздің дамуына нәзік жандардың қосқан үлесі зор. Жасампаздық жылдары депутат-әйелдер шоғыры қалыптасты. Осының дәлеліндей, қазіргі кезде Ертістің Павлодар өңірінде  саясатқа араласқан әйелдер саны жыл санап артуда. Мәселен, жуырда өткен саяси додада бағын сынағандар қатарында әйелдердің қатары қалың болды. Нәтижесінде, 48 павлодарлық нәзік жанды облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары қатарынан көрінді. Олардың басым бөлігі - жетекшілік қызметтегі азаматшалар.
Салтанатты басқосуға қатысқандар қатарында Павлодар облысы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына сайланған Айгүл Нұркина болды. «Жыл сайын биліктегі әйелдер санының артып келе жатқанына қуаныштымын. Дегенмен, бұл – қоғам мен халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Қазіргі кезде мәжілісте 26 әйел-депутат бар. Менің ойымша, қатарластарым әлеуметтік сипаттағы мәселелердің оң шешімін табуына  зор үлесін қосады», - деді А.Нұркина.
Аталмыш басқосудың күн тәртібіне бірқатар маңызды мәселелер қойылып, болашақта орындалуға тиіс жоспарлар айқындалды. Атап айтсақ, облыстағы әйелдер көшбасшылығы мектептері желісін көбейту, нәзік жандар арасындағы жұмыс-сыздықпен күресу, олардың саяси білімдерін арттыруға негізделген клубтар ашу сынды мәселелер көтерілді. Облыстық әйелдер көшбасшылығы мектебінің басшысы, «Бес асыл» қоғамдық қорының төрайымы Ләззат Асқарованың айтуынша, саяси білімді әйелдер санын арттыру үшін аудандардағы нәзік жандылар қауымымен тығыз қарым-қатынас орнату қажет. Бүгінгі таңда осы мақсатта тиісті жұмыстар атқарылуда. Алқалы жиында өткен жылы Баянауыл ауданында ұйымдастырылған «Әйелдер көшбасшылығының жазғы мектебі» шарасын дәстүрге айналдыру туралы сөз қозғалды. Бұл ұсыныс көпшілік тарапынан қолдауға ие болды.
Жиынға қатысушылар қоғам өміріне белсене араласып, берілген мол мүмкіндікті ел игілігі үшін пайдаланатындарын жеткізді.

А.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29