2010 жылдың 8-9 қазанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының және Павлодар облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Павлодар қаласының «Астана» мұз айдыны спорттық-сауықтыру кешенінде «Қанатты Әйел – 3» республикалық жәрмеңке өткізіледі. Іс-шараны дайындауға саясаткер әйелдер клубы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қатысады.
Жәрмеңкеге Ұлттық комиссияның мүшелері, республикаға танымал мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, шығармашыл интеллигенция, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер дипломатиялық корпусының, халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Жәрмеңкенің мақсаты: Қоғамдық сананы өмірдің барлық салаларындағы әйелдер мен ерлердің әлеуметтік теңдігін құптау бағытына өзгерту. Елдегі барлық саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерге толық құқықты және белсенді қатысушы қазіргі заман әйелінің, көшбасшы әйелдің өркениетті бейнесін қалыптастыру.
Жәрмеңкеге республиканың барлық аймақтарынан меншік нысанына және қызметінің көлеміне тәуелсіз ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ идеялары бар немесе тауарларын ұсынып, сатуға ниет білдірген кез келген әйел қатыса алады. Қатысушылар ұсынылған көрсету алаңдары мен подиумдарды пайдаланып, өз тауарларын, қызметтерін, жобаларын таныстыра алады. Әр өңір таныстырылады. Жәрмеңкеге қатысушылар келушілерге әлеуметтік мәнді мәселелерді шешудің үлгісін көрсетеді.
Жәрмеңке шеңберінде экспозициялар көрмесі, семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, шеберлер сыныбы және түрлі мәдени іс-шаралар өткізіледі.
Сіздердің тапсырыстарыңызды күтеміз!
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
8 (7182) 30-15-06, 55-79-69, 55-99-02 (Сауда-өндіріс палатасы), 32-19-07 («Серіктестік орталығы» ҚҚ), 32-04-14 (облыс әкімдігі), 32-96-89 (облыс ішкі саясат басқармасы).

