«НҰР ОТАН» Халықтық Демократиялық партиясының назарында
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында орман шаруашылығы, жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында басты назар жемқорлыққа қарсы заңнаманы пайдалану тиімділігін арттыруға және жариялауға аударылған.
Осы мақсатта орман ресурстары мен жануарлар әлемі ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалануды мемлекеттік бақылауды іске асыратын өкілетті орган болып табылатын облыстық аумақтық инспекциясы «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалымен бірлесіп, 2010 жылға арналған жемқорлыққа қарсы шаралар жоспарын әзірлеп бекітті.
2010 жылдың сәуір айында облыстық инспекцияның басшылығы «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауын өткізді.
Кестеге сәйкес облысымыздың орман және жануарлар дүниесі ресурстарын қорғау бойынша бірлескен тексерістер өткізіледі.
Қауіпті өрт кезеңі басталғанға дейін облыстың орман қорғау мекемелерінің барлығында нұротандықтардың қатысуымен қауіпті өрт кезеңіне дайындықтың жай-күйі тексерілді. Осы тексерулерді жүргізу барысында орман маңына жақын орналасқан елді-мекендерде орман өрттері туындаған кезде іске қосылатын жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарынан дайындалған қоғамдық өрт бірлестіктерінің болуына көп көңіл бөлінді.
Былтырғы жылдары ағаштарды заңсыз кесу орман шаруашылығына, әсіресе қарағайлы жерлерге қыруар шығыны мен зиянын тигізген болса, биылғы жылы бұл жағдай оңала түсті. Қарағайлы жерлердің ормандарын сақтауды қамтамасыз етудегі айта кетерлік жайт – аймақ басшысының резерваттың қорғалатын аймақтарын кеңейту және осы жерлерде ағаш өнімдерін кесуші құралдардың орнатылуына тыйым салу бойынша 2009 жылғы желтоқсанда қабылданған облыс әкімдігінің қаулысы болды. Нәтижесінде, резерваттың қорғалатын аймағындағы ағаш кесуші станоктар мен шпал кесуші қондырғылардың барлығы бөлшектеніп, істен шығарылды.
Аталған қаулыны жүзеге асыруда «Нұр Отан» ХДП мүшелерінен, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары мен орман инспекциясының қызметкерлерінен құрылған жұмыс топтары біршама іс атқарды.
Нәтижелері көзден таса қалмады. Сонымен, жылдың басынан бері орманды заңсыз кесудің көлемі 745,63 м3 құрайтын 79 фактісі тіркелген, соның ішінде «Ертіс орманы» МОТР ММ бойынша 17 (286,93 м3), ал 2009 жылы осыған ұқсас кезеңде заңсыз кесу фактісі 311 болатын, тигізген зиянының көлемі 5929,62 м3, ал «Ертіс орманы» МОТР ММ бойынша заңсыз кесу фактісі – 237(5757,08 м3) ағашты құрады.
Қоршаған ортаны қорғау, сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар жануарлардың табиғи түрлерін сақтау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Павлодар облысындағы жалпы аңшылық ету жерлерінің қоры - 10,5 млн. га-ны құрайды. 2005 жылы ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті шаруа-шылықаралық аңшылықты орналастыруды жүргізген болатын, осының нәтижесінде көлемі 6,8 млн. га. алып жатқан жері бар 30 аңшылық шаруашылығы құрылды.
Бүгінгі күні облысымыздың аумағында аңшылық кәсіптегі жануарлардың 20 түрі, ал құстардың 60 түрі бар. Қызыл Кітапқа 25 құс түрі мен 2 жануарлар түрлері енгізілген.
Ағымдағы жылы «Нұр Отан» ХДП аумақтық филиалдарының өкілдерімен бірлесіп, аңшылық шаруашылықтарды қорғау және биотехникалық шараларды атқару бойынша 17 тексеру жүргізілді.
Көктемгі және күзгі аңшылық кезеңінде жүргізілген рейдтік шаралар барысында аңшылық ережесін бұзған 34 жағдай анықталды, осы жағдайлар бойынша ереже бұзушылардың барлығы әкімшілік жауапқа тартылды.
Ормандағы өрт қауіпсіздігі, орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі заңнама саласындағы заң бұзушылықтардың алдын-алу және оларды болдырмау шеңберінде жергілікті тұрғындармен насихат жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлінеді.
Бірлесіп жүргізілген шаралардың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырады. Биылғы жылы 22 мақала жарияланып, радио мен теледидардан 9 рет сөз сөйленді. Биылғы жылдың шілде айында орман және жануарлар дүниесін қорғау, орманды қалпына келтіру және өсімін молайту жайы туралы баспасөз мәслихаты болып өтті. Аталған мәслихатқа “Қазақстан-Павлодар”, “Хабар”, облыстық радио және облыстық “Сарыарқа Самалы”, “Звезда Прииртышья” мен “Обозрение недели” газеттерінің өкілдері қатысты.
А.Маржықбаев,
«НҰР ОТАН» Халықтық Демократиялық
партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

