ЖАСТАР СӨЗ ЖАРЫСЫНА ТҮСТІ

     Павлодар облысының Екібастұз қаласында жастар арасындағы бірінші халықаралық пікірталас турнирі болып өтті. Еліміздің бірқатар аймақтары мен Украина, Белоруссия және Ресей елдерінің жарыс сөз ойынының майталман командалары бас қосқан аталмыш турнир барысында ТМД елдерінің интеграциялық даму қарқыны, Кедендік одақ, сондай-ақ Қазақстанның шекаралас жатқан мемлекеттермен қарым-қатынасы тақырыптары сөз болды.

     «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Екібастұз қалалық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты мен қалалық «Креатив» атты жастар пікірталас орталығының ұйымдастыруымен өткен аталмыш жарыс негізінен он үш кезеңнен тұрды. Онда 65 талантты, интеллектуалдық білімі жоғары, сөзге шешен жастардан құралған барлығы 30 команда бақ сынады. Нәтижесінде ақтық сында Петропавл қаласының және Ресей елінің атынан қатысқан құрама командалар өзара мықтыны анықтады. Бұл ретте Солтүстік-Қазақстан облысынан келген команданың бағы шауып, қарсыласынан бабы басым түсті. Осылайша қала кубогі петропавлдықтардың еншісіне тиді. Үздік үштіктің құрамына жарыс иелерінің «Екібастұз-1» командасы ілікті.

     Халықаралық пікірталас турнирін ұйымдастыруға негізгі демеушілік көмек көрсеткен «Промсервис-Отан» ЖШС екендігін атап өткен жөн. Жастарды ой ұшқырлығын шыңдап, білімін арттырып, ойын еркін, әрі ашық білдіре алуға бағыттайтын мұндай шаралардың маңызы зор.

Екібастұз қалалық «Жас Отан»жастар қанаты.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31