тұрғындар тілегі ескерілді

 

Жетінші ақпан күні Қашыр ауданының әкімі Болат Бақауов аудандық мәслихаттың кезекті ХХVІІІ кеңейтілген сессиясында халық алдында қорытынды есеп берді. Кездесуге Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Қайыртай Байтілесов қатысты.

Аудан басшысы өз баяндамасында елді мекенде өткен жылы атқарылған игі істерге тоқталып өтті. Сонымен қатар, жиналған қауым өлкенің әлеуметтік-экономикалық салада қол жеткізген жетістіктері мен бүгінгі күні алға қойылған мақсат-міндеттерімен таныс болды. Болат Бақауов өз сөзінде «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жұмыстарды тілге тиек етті. Бағдарлама бойынша ауданда бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткен. Атап айтсақ, Жаңақұрылыс ауылдық округіне қарасты Тегістік ауылының мәдениет үйі жаңа кейіпке еніп, аудан орталығының Тәуелсіздік көшесіне асфальт төселді. «Ауыз су» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар алдағы жылы да жалғасын таппақ. Аудан әкімінің айтуынша, елді мекен тұрғындарына қатысты әлеуметтік мәселелер шешімін тауып, тұрақты бақылауға алынған. 2010 жылы аудан өмірінде іске асырылған игілікті іс – Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай соғыс ардагерлерінің үйіне электр желісін орнату болып табылады. Сондай-ақ, ауданға еңбек жолын бастауды мақсат еткен жас мамандар баспанамен қамтамасыз етіліп, билік тарапынан барынша қолдау табуда.

Ж.КАБУЛОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28