ЭНЕРГЕТИКТЕР ЕЛБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізуді қолдау шаралары аймағымызда қарқынды түрде жүргізілуде. Түрлі еңбек ұжымдары, мекемелер, әрбір облыс тұрғыны ел өмірі үшін тарихи маңызды мұндай бастамадан шет қалмауға тырысуда. Осындай шаралардың бірі «KEGOK»  ұлттық компаниясының Екібастұз қалалық Солтүстік жүйеаралық электр            торабы филиалында өтті. Оған компания басшылығы, атқарушы дирекция өкілдері, кәсіпорынның еліміздің басқа да өңірлеріндегі аймақтық филиалдарының қызметкерлері қатысты.

 

«KEGOK» АҚ Солтүстік ЖЭТ» филиалының директоры Нұрлан Дүйсеновтің айтуына қарағанда, референдумды өткізу туралы бастама кәсіпорынның еңбек ұжымы арасында үлкен қолдауға ие болған. Мұндай шараны ұйымдастыру туралы алғашқы ұсыныс жасаған да осы компанияның қызметкерлері екен. «Ел дамуының бірқатар тұстарын жекелей алып қарайтын болсақ, Елбасы еліміздің энергетика саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Республиканың ұлттық электр желісін дамытуға қатысты барлық жобалар Мемлекет басшысының қолдауына ие болуда. Олардың қатарында біздің компанияның да бастамалары бар. Мысалы, 2009 жылдың қыркүйек  айында Екібастұз станциясында «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің жаңа желісі іске қосылды. Нәтижесінде мыңдаған жаңа жұмыс орындары пайда болып, бірнеше жаңа кәсіпорындар ашылды. Ал инфрақұрылымдық жобаның ең басты нәтижесі – энергиямен тұрақты деңгейде қамтамасыз ету дәрежесінің артып, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі», - деді Н.Дүйсенов.

Ел экономикасының тұрақты дамуында электр энергетикасы инфрақұрылымы деңгейінің әсері зор. Бұл ретте Елбасы энергетиктер алдына жаңа мақсаттар қойып отыр. Осыған сәйкес, 2020 жылға  арналған мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында компанияда бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ,  «Алма» станциясының құрылысы, Мойнақ су электр станциясын толық қуатына шығару, Ұлттық электр желісін модернизациялау жобасының           екінші кезеңін іске асыру.

Шара барысында,«KEGOK» АҚ-ның ұжымы алдағы он жылдықта мемлекет алдында тұрған мақсаттардың ауқымдылығы мен маңыздылығын ерекше атап өтті.  Және бұл мақсаттардың сәтті  жүзеге асырылуын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланыстыратынын жеткізді.

 

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

Борис КИРИЧЕК, еңбек ардагері:

- Мен елу жылдан астам уақыт бойы энергетика саласында қызмет етіп келемін. Ел энергетикасының іргесі қаланып, бой түзеп, аяққа тұрған кезеңдерінің куәгерімін. Ал бүгінде аталмыш сала мемлекет экономикасының тіреуші күшіне айналып отыр. Осының барлығы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығының, қолдауының арқасы. Сондықтан біз, Қазақстан халқы, еліміз бүгінгі алған бетінен қайтпай, әлемнің дамыған елдерінің қатарынан көрінсін десек, Мемлекет басшысының қасынан табыла білуіміз керек.

 

Алмас САРБАЕВ, Сарыбай ЖЭТ аймақтық электр желілерінің бастығы:

- Еліміз талай қиын-қыстау кезеңдерді өткергендігі белгілі. Тегеуріні берік, тепкісі қатты заман біздің санамызды сарсытып, сабырымызды тауысқанымен, халқымыздың рухын жасыта алған жоқ. Бақытымызға орай, тарихтың жаңа сатысында көш бастаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігі мен сарабдал саясатының арқасында бас - аяғы жиырма жылдың ішінде жадымыз жаңғырып, қарқынды даму жолына түстік. Қазақ халқын, елімізді әлем танып, мойындады. Төрткүл дүние Қазақстанды алдымен Мемлекет басшысы арқылы таныды десек, қателеспеспіз. Ел Президенті бүгінде әлемдік іскер саясаткердің жаңа үлгісіне айналып отыр. Біз, энергетиктер, Елбасын қолдаймыз.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30
31