АТА ЗАҢДЫ АРДАҚТАУДЫҢ АЙҚЫН ҮЛГІСІ

 

 

көпшілік Елбасының халыққа Үндеуін осылай деп бағалады
 
Павлодарлықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың референдумға қатысты және мерзімінен бұрын өткізілетін президенттік сайлау туралы шешімін алыстан ойлап, тереңнен толғанған және болашақ ұрпақтың қамы үшін жасалған саяси ерлік деп санайды. Бұл туралы кеше ортақ диалог алаңына жиналған аймағымыздағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер жетекшілерінің басшылары мәлім етті.
Шара барысында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы мен апта басында Ақордада жасаған Үндеуі сөз болды. «Елбасы Жолдауында айтылған мемлекет дамуының негізгі бағыттары сәтті жүзеге асатындығына күмән жоқ. Әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау саласына қатысты игі өзгерістер, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған басқа да бастамалар үлкен маңызға ие», - деді «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұркина. 
Жиналған жұртшылық Елбасының референдумға қатысты қабылдаған шешімін оның демократиялық принциптерге беріктігінің белгісі деп атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Конституциялық кеңесі ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін республикалық референдум арқылы ұзарту туралы өзгерістерді Конституцияға енгізу негізгі Заңның ережелері мен нормаларына сәйкес келмейді деп шешім шығарған болатын. «Бес миллионнан астам сайлаушы қолдап отырғанда референдум өткізуге болатын еді, бірақ Елбасы Конституциялық Кеңестің шешіміне құлақ асып, демократиялық талаптың толық орындалуын қажет деп тапты. Біздіңше, бұл - аса маңызды шешім. Себебі, Қазақстан халқы өз Президентін бүкіләлемдік демократиялық тәжірибе жолымен сайлағаны дұрыс. Референдум да халықтың сайлау құқын білдіреді, бірақ онда қарсыластың болмауы кейін түрлі пікірлер туғызуы мүмкін еді. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы қазір сайлауға түссе, қандай мықты қарсыласты да шаң қаптырып кететіндігі сөзсіз. Өйткені, халық оған сенеді, өздерін осындай адамның басқарғанын қалайды», - дейді саясат ғылымдарының докторы, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің «Тарих және құқық» факультетінің деканы А.Ақышев.
Павлодарлықтар Елбасы шешімін осылай бағалап отыр. Біраздан бері көп көңілін күпті еткен, барша жұртты елеңдеткен мәселенің түйіні енді тарқатылды десе де болады. Осынау шешімі арқылы Мемлекет басшысы халықтың тілегіне қалтқысыз құрметін көрсетіп қана қоймай, Ата Заңды ардақтаудың әсем үлгісін танытты. Сондай-ақ, демократиялық қағидаттарға адалдығын, бүкіл өркениетті әлем ұстанатын құндылықтарға құрметпен қарайтынын дәлелдеді. «Президент ұрпаққа үлгі болатын аса маңызды қадам жасап, осынау шешімге өз таңдауымен барды. Сондықтан мұндай әділетті қадамды болашақ ұрпақ өзіне үлгі етіп, лайықты бағалайды деп сенемін», - деді «Әділет» демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары В.Постников.
 
Данияр ЖҰМАДІЛОВ. 
 
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28