ЖОЛДАУҒА- ҚОЛДАУ

 

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫ

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында Үкімет пен аймақ басшыларына ел экономикасын дамытудың басым бағыттарын көрсетіп берді. Ендігісі - бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла еңбек ету. Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында әлеуметтің әл-ауқатын әлдендіре түсіп, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге ерекше тоқталды. Мемлекет басшысының алдағы он жылға бағыттаған мақсат-міндеттерді іске асыруға қазақстандықтардың әлеуеті жетеді деген сенімдемін.

Біз ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен бейбітшілік заманда өмір сүрудеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман. Ел халқының ынтымағы мен бірлігінің кепілі болып табылатын Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы - аталарымыздың асқақ арманының орындалғанының көрінісі. Мәдениет саласында осы уақытқа дейін көптеген игі істер атқарылды. Халықтар өнері мен мәдениетін дамыту мақсатында мәдени нысандар ашылды. Олардың техникалық-материалдық базасы нығайып, қажет жағдайлармен қамтамасыз етілді. Биылғы жылы да Жолдау аясында аймағымыздың мәдениет саласында оң өзгерістер көп болатынына сенім мол.

Ермұрат ТІЛЕГЕНОВ,

«Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығының директоры, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері.

 

 

ӘЛЕУМЕТТІКМӘСЕЛЕ–БАСТЫНАЗАРДА

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында қоғамның маңызды мәселелерін шешу жолдары нақты айқындалды. Соның ішінде білім беру мен денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Елбасы өз сөзінде жаңа әлеуметтік саясат пен халықты жұмыспен қамтудың стратегиялық жоспарының негізгі бағыт-бағдары туралы айтып өтті. Жолдауда Нұрсұлтан Әбішұлының «Біз өзіміздің индустрияландыру және экономиканы технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі жоспарларымызды нақпа-нақ айқындап алдық. Біздің бағдарламамыздың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын нығайту» деген сөздері менің бойыма ерекше сезім ұялатты. Алға қойылған игі мақсаттар келешекте жүйелі түрде орындалатынына күмәнім жоқ. Стратегия аясында жүзеге асырылатын жұмыстар ауылдық аймақ тұрғындарын қамтып, жұмыссыздық мәселесі түбегейлі шешіледі. Бүгінгі күнге дейін ел игілігіне жараған бастамалар – осының дәлелі.

2011 жыл – Тәуелсіздігімізге жиырма жыл толуымен тарихта қалатын кезең. Бұл жылы да қазақстандықтар Президент Жолдауының нәтижелі жемістерін күтеді.

 

Алтынбек ТАҒЛЫМОВ, Лебяжі ауданы.

 

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЖАРҚЫН  БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жыл сайынғы Жолдауы – барлық азаматтар үшін үлкен маңызға ие. 2010 жыл толайым табыстарға толы кезеңдердің бірі болды десек қателеспеспіз. Барша қазақстандық қоғам еліміздегі саяси маңызға ие оқиғаларды бастан кешірді. Барыс жылы Қоршаған орта мен экология министрлерінің ЭСКАТО-6 Саммиті, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық, «Бірлігіміз жарасқан!» сынды тарихи оқиғалармен айшықталды.

2011 жыл – «Жасампаздық пен бейбітшіліктің 20 жылы» деп бекітілді. Бұл жылы Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам басты. Біз, ел ертеңі – жастар Мемлекет басшысының  сарабдал саясатын қолдап, «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты биылғы Жолдауында алға қойылған мақсаттарды іске асыруға бел шеше кірісеміз.    

«Әлеуметтік-волонтерлік орталық» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі ретінде мені бірінші кезекте әлеуметтік мәселелер толғандырады. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы басты басымдық - халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету екенін атап көрсеткен болатын. Осыған орай республикамыздың барлық аймақтарында тиісті жұмыстар атқарылып жатқанына қуаныштымын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ауызсу сияқты күрделі мәселелерді шешуді алға қойғандығын айтып өтті. Осының барлығы - биылғы Жолдауда әлеуметтік салаға көп көңіл бөлініп отырғандығының белгісі. Сондықтан Президенттің Жолдауына қаламыздың барлық тұрғыны мән беріп, оның орындалуына өз үлестерін қосады деген сенімдемін.

Cветлана ГЛАДЫШЕВА,

«Әлеуметтік-волонтерлік орталық» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28