МАЗМҰНЫ ТЕРЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ Ақпараттық топтар - аудандар мен қалаларда

 

 

Ертіс ауданы
Ертіс ауданында құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы А.Күзеков, облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының  міндетін атқарушы А.Әділбеков бар облыстық ақпараттық-насихаттық топ болып қайтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауын насихаттау, тұрғындар арасында түсіндіру мақсатында келген аталмыш топ аудан орталығында кездесу өткізді. Шара барысында маңызды құжатта айқындалған ел дамуының негізгі бағыттары айтылды. Бұл ретте, білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы игі өзгерістер мен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселесі сөз болды. Атап айтар болсақ, 2020 жылға дейін еліміздің орта және кәсіптік білім беру жүйесіндегі орын алатын өзгерістер, жоғары білім мен ғылымды әлемдік деңгейге көтеру ісі әңгіме өзегіне айналды. Сондай-ақ, алдағы онжылдықта қазақстандықтардың кем дегенде 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі қажет екендігі айтылды. Ал келешекте еліміздің ішкі жалпы өнімінің 3,2 пайызы денсаулық сақтау саласын жетілдіруге бағытталатындығы мемлекетіміздегі халықтың денсаулығына деген қамқорлықтың айқын айғағы болса керек. Республика бойынша 2015 жылға дейін 350 дәрігерлік амбулаториялар, ауылдарда фельдшерлік-акушерлік бөлімшелердің ашылатындығы да аталмыш салаға зор қолдау болмақ. Бүгінде облысымызда да денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. Ең бастысы, Елбасының Жолдауында белгіленген келелі бастамаларды сәтті жүзеге асыру әр қазақстандықтың міндетіне айналуы тиіс. Шара соңында аудан тұрғындары ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қою мүмкіндігін алды.
 
С.МӘНЕНҰЛЫ.
 
Шарбақты ауданы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын кеңінен насихаттауды қолға алған облыстық ақпараттық-насихаттық топ Шарбақты ауданында да болды.
Ақпараттық топтың жетекшісі, облыстық білім беру басқармасының бастығы Бақыт Бексейітова аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында Жолдау жүктеген міндеттерге тоқталды. Әсіресе, білім беру мен мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған тапсырмаларға айрықша назар аударды.
Басқарма бастығы білім беру саласының барлық сатысында тың серпілістер болатынын атап өтті. Мәселен, Жолдау жүктеген міндеттер жүзеге асқанда, елімізде мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамту 2015 жылға қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай 100 пайызды құрайды. Сонымен қатар, 2020 жылға қарай оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай көшетін боламыз. Жолдау тапсырмасы бойынша 2015 жылға қарай республикалық бюджет есебінен кемінде екі жүз мектеп салынады деп жоспарлануда. Жиында осы айтылғандардың бәрі баяндалды.  
Ақпараттық топ жетекшісі мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мәселесін де сөз етті. Алайда бұл міндет алдымен тілге деген құрметтен басталатыны да әңгіме өзегіне айналды. 
Бұдан соң ақпараттық топтың жұмысы Хмельницкий ауылдық округінде жалғасты.
Д.ҚЫЗЫРҰЛЫ.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28