ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛДІ

 

Осы аптада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов Ақсу қалалық әкімдігінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оған қала басшысы Оразгелді Қайыргелдинов және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының басшылары қатысты.

Қабылдауға Достық ауылдық округінен келген Сансызбай Кәрімов аталмыш елді мекенге қарасты Парамоновканы жеке ауыл болса деген халық тілегін жеткізді. «Бұл мәселеге байланысты ауыл тұрғындары қала әкімдеріне арнайы ұсыныспен шығулары қажет. Бұдан кейін ол мәселе облыс деңгейінде қаралатын болады», - деді Сәлімгерей Шафағатұлы.

Қабылдау барысында тұрғындарды әлеуметтік және жалгерлік негіздегі баспаналармен қамту, көң-қоқыстарды шығаратын екінші полигон керектігі және қаладағы жеке меншік үйлерге су құбырын, жылу жүйесін орнату туралы сұрақтар қойылды. С.Бекбергенов барлық сауалдарға тұшымды жауаптар қайтарды. Ол баспанамен қамту мәселесі бойынша биыл «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» бірлесе отырып, жаңа бағдарлама іске қосылатыны жөнінде хабардар етті. Сондай-ақ алдағы уақытта су құбырын, жылу жүйесін орнату мәселелері шешілетініне толық сенім білдірді.

 

Сәбира САҒЫНАЙ, Ақсу қаласы.

 

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26 27
28