КЕЛЕШЕККЕ КӘМІЛ СЕНІМ

 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауымен Павлодар облысы бойынша қазынашылық департаменті қызметкерлері ұжым болып таныстық.

Елбасының жоспарларының басты мақсаты - халықтың хал-ахуалын жақсарту. Президент Үкіметке 2011 жылғы 1-ші мамырға дейін жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын жасауды тапсырды. Жаңа әлеуметтік саясатқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, халық табысын арттыру енген. Бұлар - көптен бері толық шешімін таппай келе жатқан, құптарлық игі істер. Осы аталған келелі жоспарларды орындауға біздің ұжым да өз саласында үлесін қосады.         

Өткен жиырма жылға жуық мерзімде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың дербес мемлекет құруда, оны жан-жақты дамытуға, бүгінгі елеулі жетістіктерге жетуге сіңірген ерен еңбегі көз алдымызда өтті. Бұрынғы Жолдаулары да толыққанды орындалып, Елбасының сөзі мен ісі үйлесіп, бір жерден шығып отырды. Осы уақытта ол өзін әлемдік деңгейдегі дара саясаткер және нақты істер атқаратын тұлға екендігін шүбәсіз дәлелдеді. Бұған біз шын жүректен қуанамыз. Сондықтан ұжым болып Тұңғыш Президентіміздің Жолдауын бірауыздан қолдаймыз.

«Тәуелсіздік пен Жасампаздықтың 20 жылдығы» ұранымен өтетін ағымдағы жылға жоспарланған арнайы іс-шаралардың ойдағыдай ұйымдастырылатынына кәміл сенеміз.

Бақберді Абраев,

Павлодар облысы бойынша қазынашылық                    

департаменті заң қызметі бөлімінің бастығы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26
28