МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ әскерилер арасында насихатталды

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты халыққа Жолдауын облыс тұрғындары арасында насихаттау жұмыстары жалғасын табуда. Павлодар қаласындағы №6679 әскери бөлімінде маңызды құжат бағыттарын талқылау мақсатында жиын өтті. Оған Павлодар облыстық дін істері жөніндегі департамент директоры Дәулет Зәкәрянов және 150-ден астам әскери қызметші мен офицерлер қатысты. Шара барысында көпшілік қауым көкейлерінде жүрген сауалдарын ортаға салып, толыққанды жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

- Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында қоғамның маңызды мәселелерін шешу жолдары нақты айқындалды. Соның ішінде білім беру мен денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ендігі мақсат – осы күнге дейін қол жеткізген даму көрсеткіштерін еселеу, - деп атап өтті Дәулет Хақанұлы.

№6679 әскери бөлім командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлішер Әбдірәсілдің айтуынша, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздарға Жолдауды түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік құқықтық дайындық» пәні жүргізіледі. «Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы. Сондықтан Елбасының халыққа арнаған Жолдауында айтылған мақсат-міндеттерді орындауға біз де атсалысуымыз қажет», - деді ол.

А.ӘДІЛБЕК.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26
28