«БАЛАПАН» БАҒДАРЛАМАСЫ кеншілер қаласында ойдағыдай орындалуда

Елбасының тапсырмасы бойынша былтыр қабылданған мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы Павлодар облысында ойдағыдай жүзеге асуда. Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, аталмыш бағдарлама аясында биыл аймағымыздың түкпір-түкпірінде 19 жаңа балабақша мен 26 шағын орталық ашылатын болады. Соның нәтижесінде 3 мыңға жуық балғын балабақша табалдырығын аттайды деп жоспарлануда.

Еліміздің барлық аймақтарында жаппай қолға алынған өміршең бағдарламаның шапағатын кеншілер қаласының бүлдіршіндері де көруде. Екібастұз қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасары Айжан Жұмабаеваның айтуынша, бүгінгі күні осы өңірдегі балғындардың 88,8 пайызы мектепке дейінгі мекемемен қамтылған. Бұл – қуантарлық жағдай. 

 

Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы қабылданғаннан кейін Екібастұз қаласында мектепке дейінгі мекемелердің саны артып, бірқатар балабақшалардың ішінен қосымша топтар ашылуда. «Өткен жылы қала орталығында жаңадан 330 орындық «Балауса» балабақшасының тұсауы кесілді. Сондай-ақ, қаладағы №10 балабақшаның ішінен төрт және өзге мектепке дейінгі мекемелер жанынан қосымша сегіз аралас топ ашылды. Осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады. Келешекте өңірде жеке меншік балабақша ашу, бұрынғы ғимараттарды қайтарып алу мәселесін де қарастырудамыз. Жалпы, бүгінде шаһар көлемінде 2-5 жас аралығындағы 1601 бала балабақша кезегінде тұр. Ойға алған жоспарымыз орындалса, кезекте тұрған екібастұздық бүлдіршіндер 100 пайыз мектепке дейінгі мекемелермен қамтылады деген үміт бар», - дейді Айжан Жұмабаева.

Қалалық білім беру бөлімі үстіміздегі жылы тағы да 330 орындық жаңа балабақша мен №35 мектептің жанынан шағын орталық ашуды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Екібастұз қаласы бойынша 23 балабақша мен 15 шағын орталық балалар игілігі үшін қызмет көрсетуде. Солардың біріөткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген «Балауса» балабақшасы.

Заман талабына сай жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген бұл мекемеде 330 бала тәлім-тәрбие алуда. Атап өтерлігі, мұнда тәрбиеленушілердің саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалған. Балабақша меңгерушісі Биғайша Темірова: «Осында психолог, дәрігер және тіл кемістігі бар балалар үшін логопед маман қызмет етеді. Сондай-ақ, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта бейнелеу өнері, музыка, қолөнер пәндерінің білікті мамандары жұмыс істейді. Балабақша бағдарламасына сай, балаларға ағылшын тілі үйретіледі. Тәрбиеленушілердің ой-өрісін дамыту мақсатында компьютер сыныптары қызмет көрсетеді. Бассейн де бар. Сонымен қатар, тәрбиешілердің басым бөлігі - жоғары білімді. Қысқасы, мұндағы бүлдіршіндердің жан-жақты тәлім-тәрбие алуы үшін мол мүмкіндік жасалып отыр», - дейді. Аталған мекеменің ашылғанына шамалы уақыт болса да қазір ол эксперменттік алаңға еніп, облыстағы бетке ұстар балабақшалардың қатарынан көрінуде. Осындай бақшада тәлім алған әр бүлдіршін бақытты. Екібастұздық тұрғындар да өңірде болашақта осы сияқты заманауи балабақшалар саны артады деген үмітте.

Нұржайна ШОДЫР,

Екібастұз қаласы.

Суреттерді түсірген: Т.Нұрғазы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30