Енді облыс жұртшылығы жыл он екі ай бойы сапалы әрі арзан көкөніс өнімін тұтына алады. Бұған дейін күзде жиналған өнімнің басым бөлігі сыртқа сатылып, қысқа азын-аулақ қана сатылатын. Мұның өзі қыс айларында көкөніске деген тапшылықты тудырып, артынша оның бағасының шарықтауына себеп болатын. Енді мұндай жағдай артта қалатын болды. Қазіргі уақытта облыста заманауи үлгідегі көкөніс сақтау қоймалары салынуда. Сондай-ақ, шаруалар аталмыш өнімді өндірудің жаңа технологияларын игеруде. Осылайша, өнім көлемі де жыл санап артып келеді. Агроөнеркәсіп кешені саласындағы мұндай игі бастамалар мемлекет қолдауының арқасында жүзеге асып отыр.
Данияр ЖҰМАДІЛОВ,
Ақсу қаласы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 1 қыркүйегіндегі номерінен оқи аласыз)

