ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ЖҰМЫС ҚЫЗУ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың облысымыздың қалалары мен аудандарында 14 қоғамдық қабылдау бөлмелері осы жылдың 4 наурызынан бастап жұмыс әстеуде. Облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Бисекен Тоқбатыровтың айтуынша, кандидатқа тілек білдірушілер саны толастар емес. Бұл туралы аталған кандидаттың облыстағы қоғамдық штабының мекемесінде өткен брифингте мәлім болды.
Небары бір айға жетер-жетпес уақыт ішінде кандидаттың сенімді өкілдері 300-ге жуық азаматты қабылдаған. Қоғамдық қабылдауға түскен өтініш-тілектердің басым көпшілігі ескеріліп, оң шешімін тапты. «Сайлау науқанына барша павлодарлықтар бір адамдай белсене атсалысады деген сенімдемін. Себебі, біздің кандидатымызға ізгі тілектерін білдіріп, ұсыныс айтушы адамдар саны өте көп. Қоғамдық штабқа келіп түскен өтініш-тілектер «ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевқа Павлодар облысы тұрғындарынан келіп түскен аманаттар кітабына» енгізуде»,- деді Б.Тоқбатыров. Сондай-ақ, ол қоғамдық штабтың осы мерзім аралығында атқарған жұмыстары туралы баяндады. Жиын соңында қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі аманаттар кітабының тұсаукесер рәсімін өткізді.


Ф.ӘМІРЕНОВ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30