БАЯНДЫ БОЛАШАҚ ҮШІН!

Ертіс аудандық мәдениет үйінде ҚР Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға байланысты форум өтті. Оған зейнеткерлер, аудандық мәслихат депутаттары, дәрігерлер, ұстаздар қауымы, түрлі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, бизнес құрылымдарының өкілдері, белсенді жастар қатысты.
Шара барысында сөз алғандар жиналған жұртшылықты сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды. «Тәуелсіздік алған жылдар ішінде елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім берік орнады. Экономикамыз дамып, халықтың жағдайы жақсаруда», - деді аудан әкімі, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы В.Левченко.
Сондай-ақ, форум барысында аудан басшысының тұрғындармен есептік кездесулері кезінде айтылған халықтың бірқатар өтініш-тілектері қанағаттандырылды. Мысалы, Майқоңыр, Қарақұдық, Қоскөл, Луговой ауылдарының мәдениет үйіне музыкалық орталықтар сыйға тартылса, Қызылқақ ауылының жастарына спорттық жабдықтар берілді. Қарақұдық ауылдық кітапханасына жаңа кітаптар топтамасы тарту етілді.


Қ.АЛХАМБЕКҚЫЗЫ,
Ертіс ауданы.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30