ҚР Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың сенімді өкілі Ұлан Әубәкіров №7 лицейдің оқушыларымен кездесті. Қазақстан электролиз зауытының жас жұмысшысы, «Құрмет» орденінің иегері болашақ металлургтерді сайлау күнінде азаматтық белсенділік танытуға шақырды.
Ұ.Әубәкіров электролиз зауытының жұмысшылары Елбасының қолдауына ие екенін атап өтті. Кейін осы өндіріске келетін жас мамандар да осы жолда шыңдала түседі. Бүгінде әлемде кәсіби кадрларға деген сұраныс ұлғая түскен. Жолдауда бұл саланы бизнес өкілдерін қатыстыру арқылы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Еліміздің өркендеуіне жастардың қосар үлесі зор. Болашағымыз – біздің қолымызда.
Л.НЕТАЕВА,
«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ баспасөз қызметкері.

